Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 3854 0 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 10:59

Жастар саясаты дегенді қалай түсінесіздер?

Осы біздің елде "Жастар саясаты", "Жас отан" деген ұйым ба, басқарма ма, бірдеңелер бар иә?
Ал жастар идеологиясы бар ма???
"Ұлттық идеология" деп зар илегенімізге 30 жылдың жүзі болды. Жарайды, бүгінгі биліктің ұлттық идеология жасауға құлықтары жоқ екен, қазақ деген ұлттан қорқады екен, сауаттары жетпейді екен, білімсіз екен, біліксіз екен...
Ал енді жастар идеологиясын қалыптастыруға болар еді ғой, солай ма?
Біздің жастар - келер ұрпақ қандай идеологиямен тәрбиеленуде?
1. Мектеп, ЖОО былай қойғанда, балабақшадан пара беруге баланың да етін үйретеміз.
2. "Өмірдің мәні - байлық" деген түсінікті балабақшадан миына сіңіреміз. Адалдық, адамгершілік, достық туралы ертегіге балаларымыз да сенуден қалған...
3. Көретіні - жауыздық туралы, атыс-шабыс, өлтіру, қанын ағызу туралы мультиктер мен фильмдер.
4. "Бала құқығы" деген батыстың "заңы" пәле боп жабысты, ата-аналарын, ұстаздарын тепкілейтін, сотқа беретін ұрпақ келді.
5. Оқымай-ақ, еңбек етпей-ақ баюды мақсат ететін буын өсіп жетілді.
6. Интернет, интернет-клубтар, түнгі клубтар, ол жерлерде таратылатын "дәрілер" ұрпақты аздырып, тоздырып, түбіне жетіп жатыр...
7. Дін атын жамылған сан алуан ағымдар жастарымызды көкпар ғып өңгеріп, ту-талақайын шығарып, жан-жаққа жұлып әкетіп жатыр...
....Мұндай әлеуметтік, қоғамдық құлдыраулардың, жас ұрпақты түпсіз терең шыңырауға батырып жатқан құбылыстардың жүз түрін тізуге болады...

ФБ-да бір Шәнжархан Sanjar Kerimbai бір институттың жұмысын бір өзі атқарып отыр. Соны көрер Білім министрлігі бар ма??? Соқыр, керең болмаса, Санжармен бірігіп жұмыс істеп, мектеп бағдарламасына оның мол қазынасынан қарпып алып, енгізер еді ғой...

Әй бірақ... Халық жауларына айттың не, айтпадың не?!!...

Cәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір