Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4025 0 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 10:42

Кино - идеологияның бір шоқпары!

Негізі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының  "Кино туралы" заңын ұсынғаны өте орынды.
Неге?
Бұл заң бір сөзбен айтқанда, ұлттық өнерімізді, ұлттық идеологиямызды бір қадам жылжуына көмектесетін нормативтік акт.
Есімде, осыдан 16 жыл бұрын Хабарда жүретін "Азамат" бағдарламасында "Жаһанданудың ұлттық құндылықтарға әсері" деген тақырыпта алғаш рет пікірсайыстырғанымда, дәл осы заңның дереу қабылдану керектігін көтерген едім. Сол кезде Әлия Бөпежанова, Ғабит Ғафизұлы сияқты білді сыншы, мәдениеттанушылар сол хабарда мықты пікірлерін білдіріп қолдаған еді.
Аталған заң 1996 жылдан бері сол кезде Парламентте жүріп қабылданбай жүрді. Сонда былай қарасақ, осы уақытқа дейін 22 жыл бойы идеологиямыздың шарықтауына не кедергі? Түсінбедім...
Егер отандық киноиндустрияны реттейтін, кино өнерін заңмен қолдап, қорғамасақ қандай идеология туралы айтауға болады?!
Заң керек! Заң сыртқы жаһанның жабайы мәдениетінен, әділетсіз бәсекелестіктен, сапалы өнімге, мемлекеттік дамуға, отандық кино компаниялардың кең құлашпен жаңғыруына септігін тигізеді.
Зиялы қауым, өнер-шығармашылық иелері болып қоғамда кеңінен талқылап, қолдау көрсету керек. Бір ғана министрдің сөздері Парламентке жетпейді. Егер тағы да 22 жыл Кино туралы заң жобасы шаң басып қалмасын десек, Рухани жаңғыру аясында күш алып, қабылдануы тиіс!

Мақсат Жақаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір