Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5356 6 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 15:43

2022 жылды күтіп жата бермейік...

Дер кезінде қозғалмасақ, кейін кеш болады. Естеріңізде болса, "жер жекеменшікке сатылады" деген әңгіме 2000-ыншы жылдары шыққанда, соның зардабы не болатынын түсінген санаулылар ғана қарсылық білдіріп, халық "сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз" күйі қалған еді...

Халық қарсы болмағандықтан, билік дегенін істеп, өз мақсаттарын жүзеге асырған. Соның нәтижесін, залалын бүгін көріп отырмыз...
Сондықтан 2022 жылды күтіп, тып-тыныш бақырайып жата бермей, Туған жерімізді, Жер-Анамызды, Отанымызды жаттұрттықтардан қорғап, сақтау үшін қолымыздан келгенді де, қолымыздан келмегенді де істеуге әр ҚАЗАҚ міндеттіміз.

"ҚАЗАҚ" деп үлкен әріптермен жазу себебім, өзге ұлттарға қазақ жері, жалпы, қазақтың кез-келген ұлттық мәселесі бес тиын екеніне 30 жылда көзіміз жетті. Олар "күл болмаса, бұл болсын" деп қарап отыра береді.

Тіпті, қазақ ұлт ретінде, мемлекет ретінде әлсіреген сайын, олардың айызы қанатын сияқты...

Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір