Сенбі, 4 Мамыр 2024
Арылу 7851 45 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 09:20

Генаны мықты жасап жүргендер - құл болған құлсаналар

Гена бірінші кездесуде де жеңілген болатын. Ол жерде төрешілер әділетсіздік танытып тең нәтиже тіркей салды. Осы жолы Генаға жеңіс беруге еш мүмкіндік таба алмады. Қарсыласы мықты, оны мойындау керек.

Қарсыласы жас, физикалық тұрғыда мықты, әрі тәжірибесі мол. Өйтіп долылықпен жыртылудың қажеті шамалы. Генаға құлдық қылатындардың мойындамаулары да табиғи заңдылық, о жағын да түсінуге болады. Бірінші кездесуде жеңісті Генаға бергенде ешкім "әділетсіздік қылды, төрешіні сатып алған" дегені сияқты мияуламап еді. Осы жолы Сауль Альвареске есе жібергеннен кейін "Гена, сен бізге бәрібір чемпионсың, Альварес допинг ішкен, бәрін сатып алған" деп жала жауып ел шулап қоя берді. Әділетсіз елдің халқы қайдан әділетті болсын! Және жеңілген адамның жанкүйерлерінің сөзі құрысын!

Генаның жанкүйерлерінің пікірлеріне баға берудің, оған сенудің еш қажеттілігі жоқ! Ондай пікірлер түкке тұрғысыз, есектің ақырғанына кім ғашық? Себебі, сырттан тон пішкен жанкүйерлердің бәрі әділ-қазы алқасы емес, бәрі боксшы емес, бәрі төреші емес қой. Ата-анасына, ел-халқына, ұрпақтарына дұға қыла алмайтындардың Генаға дұға қылуы құлдық сананың терең тамыр жайғаны деп білу қажет.

Құлға қожайыны мың жерден шалыс басса да қожайын болып қала бермек. Гена үшін қайғырып, қара жамылып, жоқтау айтып, көңіл айтып әлеуметтік желіні шулату сорлы қазақтың қазіргі деңгейін одан бетер паш етті. Құлдық санадағылардың көздері әбден жеткен болар. Осылай болатынын білдім және осы кездесуді күттім! Гена мықты емес, Генадан мықты жасап жүргендер оған құл болған құлсаналар!

Қайтсін енді, бары да, өздерінің қолдарынан ол да келмейді, сондықтан қиқулағаннан басқа не бітірсін! Альварес бәрібір мықты! Мықтыны мойындау да мықтылық болар еді, бірақ біз сол баяғы әпербақандықпен ел бола алмай келе жатқан жайымыз бар!

Әділет Шынболат

Abai.kz

45 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1105
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1003
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 851