Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2883 0 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 10:15

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол дипломатиялық қызметін аяқтайды

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джордж Кролды оның дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады.

Америкалық Елшінің екіжақты қатынастарды дамытудағы елеулі үлесіне тоқтала келіп, Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Вашингтонға биылғы қаңтардағы ресми сапарының тарихи маңызын атап өтті. «Қазақстан мен АҚШ арасындағы ХХІ ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме» Президент Д.Трамппен келіссөздердің аса маңызды нәтижесі болды.

Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңызы туралы айта келіп, жүздесушілер парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі үдету қажеттігін атап өтті. «Америкалық сенаторлар, конгресшілер мен Парламент Аппараттарының қызметкерлері көбірек келген сайын АҚШ Қазақстан туралы, біздің еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы көбірек біле түсетін болады», - деді Қ.Тоқаев. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің стратегиялық сипаты Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайтудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Қ.Тоқаев халықаралық ахуалдың ушыға түсуіне орай Қазақстан көшбасшысының шиеленісті шешуге әзірлігін атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, бейбітшілік, қауіпсіздік, қарусыздану жолындағы ынтымақтастықты нығайту саясаты қағидалық тұрғыда, дәйектілікпен, батыл түрде жүргізіле береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 383
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 203
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 213