Жұма, 3 Мамыр 2024
2814 0 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 09:22

Ташкентте Халықаралық ислам академиясының студентін хиджаб кигені үшін оқудан шығарды

Ташкент қаласындағы Халықаралық ислам академиясы төрт студент қызды хиджаб шешуден бас тартқаны үшін оқудан шығарды.

Тағы алпысқа жуық студент академиядан оқудан шығарылуы мүмкін. Олар сабақ кезінде орамалдарын шешуден бас тартып отыр.

Академия әкімшілігінің қысымынан соң 124 студент қыздың жарымына жуығы сабаққа парик немесе тақия киіп келіп жүр. Оларға мойнына орамал байлауға рұқсат етпеген, деп хабарлады Би-Би-Сидің Өзбек редакциясы.

Биыл академияға ректор болып келген Шухрат Ёвкочев хиджаб тағуға қарсы шыққан.

Еске салайық, Халықаралық ислам академиясының студенттер тобы жақында "Озодлик" сайтына хат жазып, академия әкімшілігінің әрекетіне шағымданған еді.

1999 жылы Өзбекстанда тіркелген бірнеше жарылыстан соң елде хиджаб киюге және сақал қоюға тыйым сала бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 576
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 308
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 318
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 329