Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2526 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 08:48

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы кезек мәселесін түбегейлі шешуге мүдделі

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Қырғызстанмен шекара бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекті кешенді түрде шешу керектігін мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова Қырғызстанмен шекарада сегіз өткізу бекеті барын, бірақ "Қордай" және "Қарасу" тексеру-өткізу бекеттерінен өтетін жолаушылар мен көлік қозғалысы жылда қиындайтынын айтқан. Ол әсіресе жаз мезгілінде шекарада кезек ұлғаятынын айтып, бұл мәселені реттеуде қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов "Қордай" бекетінен екі ел жағынан да адам мен транспорт көп өтетінін, бұған дейін төлқұжат тексеру орны саны 18-ден 36-ға дейін көбейтілгенін, қайта құрылымдаудан соң оның саны 60-қа артатынын айтты. Оның сөзінше, шекарада өткізу бекеттерін ашуға инвестиция және даму министрлігі жауапты, ал шекара қызметі бекеттер санын ұлғайтуға қарсы емес.

Бұдан соң Нұрлан Нығматулин Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені реттеуде тиісті органдар жұмысын үйлестіруі тиіс екенін, проблеманы кешенді түрде шешу керегін айтты.

Мәжіліс осы отырыста "Қазақстан-Қырғызстан шекарасын демаркациялау туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс таратқан ақпарат бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан арасында екі ел шекарасын бекіту туралы шартқа 2017 жылы 25 желтоқсанда Алматыда қол қойылған. Шарт екі ел шекарасын халықаралық құқықтық тұрғыдан бекіту мақсатында қабылданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2051
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599