Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2656 0 пікір 11 Қыркүйек, 2018 сағат 10:06

Үкіметбасы өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында индустриалды даму саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді әрі жүйелі саясаты талқыланды. Атап айтқанда, Комиссия мүшелерінің қарауына 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасы ұсынылды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің айтуынша, жоба Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерге сәйкес және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі талаптарына негізделіп дайындалған.

Мәлім болғандай, елімізде 2010 жылдан бастап экономиканы әртараптандыру және шикізат бағытынан шығу жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған индустриалды саясат жүргізіліп келеді. 2019 жылы индустрияландырудың екінші бесжылдығы аяқталады. Үшінші бесжылдықтың талқыланып жатқан тұжырымдамасында ҚР өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға жағдай жасауды анықтау ұсынылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет: қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару, индустрияландыруды тереңдету, негізгі салаларды нығайту. Индустрияландыру саясаты сабақтастықты сақтап, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, отырысқа салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2023
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587