Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
4549 1 пікір 11 Қыркүйек, 2018 сағат 10:02

Бағдат Әміреев қызметінен босатылды

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланыста Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің Жарлығымен Бағдат Әміреев Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы болып тағайындалды.

Бағдат Әміреев  1959 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келді. Душанбе мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. 1981-1996 жылдары Йемен, Ливан мемлекеттерінде тілмаш, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ирак мемлекетінде тілмаш қызметтерін атқарған.

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн мемлекеттеріндегі, Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы болған.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2062
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2490
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2092
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605