Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2510 2 пікір 11 Қыркүйек, 2018 сағат 09:49

"7-20-25". Шымкентте үйдің жоғарғы сомасы  25 млн. теңгеге ұлғайтылды

Ұлттық Банкінің басқармасымен қабылданған қаулыға сәйкес Шымкент қаласы үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы сомасы  25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл сома 15 миллион теңгені құраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесіне ие болды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

«Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Осылайша, еліміздің 5 қаласында Бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 млн. теңгені құрайды. Бұлар Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент. Басқа өңірлерде Бағдарлама бойынша тұрғын үйді 15 млн. теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587