Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Пруст сауалнамасы 4891 0 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 14:04

Бағашар Тұрсынбайұлы, сыншы. Тақуа емеспін

Abai.kz ақпараттық порталының "Пуруст сауалнамасы" айдарының бүгінгі қонағы - сыншы Бағашар Тұрсынбайұлы.

- Сіздің ойыңызша, ең қатерлі жағдай дегеніміз не?

Құдайдың мейірімінен, пайғамбардың шапағатынан мақұрым қалу

- Сіздің қай жерде өмір сүргіңіз келеді?

- Бейбіт елде.

- Сіз үшін ең мінсіз бақыт деген не?

- Бала сүю.

- Сіз қандай қателіктерді кешірім етуге лайқыты деп есептейсіз?

- Құдай кешірген қателіктің бәрін кешіруге болады

- Сіздің ең сүйікті әдеби кейіпкерлеріңіз?

- Жақсы ашылған кейіпкердің бәрі сүйікті.

- Сіздің ең сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?

- Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын)

- Сіздің шынайы өмірдегі ең сүйікті кейіпкеріңіз?

Апам, бәлкім анам.

- Сіздің әдебиеттегі ең сүйікті әйел кейіпкеріңіз?

- Айша – Шерханның анасы

- Сіздің ең сүйікті суретшіңіз?

- Айдарбек Ғазизұлы. Карикатуралары ұнайды.

- Сіздің ең сүйікті музыкантыңыз?

- Арно Бабаджанян

- Сіз ер адамның бойындағы қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

Адалдығын, шынайлығын.

- Сіз әйел затынның бойындағы қай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

- Иманын, көркін.

- Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қайсысы сіз үшін тартымды?

- Адамгершілігі.

- Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелігі қандай?

- Менде де ерекшелік жоқ

- Сіздің ең сүйікті ермегіңіз?

- Кино көру

- Танымал адамдардың ішінде өзіңіздің кім болғыңызды қалар едіңіз?

- Танымалдыққа қызықпаймын.

- Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелгі қандай?

- Жауап бердім.

- Достарыңыздың қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

- Достығын. Жанашыр достарым бар. Болса екен дейтін.

- Сіздің ең басты кемшілігіңіз?

- Тақуа емеспін.

- Сіздің бақыт туралы арманыңыз қандай?

- Тыныштық.

- Сіз үшін ең үлкен бақытсыздық не болар еді?

- Кәлимасыз өлу.

- Сіз қандай болуды армандаған едіңіз?

- Бай болуды.

- Сіздің сүйікті түсіңіз?

- Ақ

Сіз ұнататын гүл?

- Білмеймін.

- Сіздің сүйікті құсыңыз?

- Қарлығаш

- Сіздің сүйікті жазушыларыңыз?

- Достоевский, Мисима, Казаков

- Сіздің сүйікті ақыныңыз?

- Мұқағали.

- Өмірдегі сүйікті әдеби кейіпкелеріңіз?

- Жақсы суреттелгеннің бәрі.

- Сүйікті композиторыңыз?

- Қазанғап

- Сүйікті суретшіңіз?

- Айттым

- Шынайы өмірдегі ең сүйікті кейіпкеріңіз?

- Отбасымның бәрі

- Шынайы өмірдегі ең сүйікті тарихи әйел кейіпкеріңіз?

- Айсәуле анамыз

- Сүйікті есімдеріңіз?

- Әбдірахман, Абдолла, Мағауия, Әсия

- Бәрінен де бетер не нәрсені жек көресіз?

- Сатқындықты.

- Сіз жек көретін тарихи кейіпкерлер?

- Сатқындар

- Сіз қайран қалатын әскери оқиға?

- Волоколамск түбіндегі шайқасы.

- Сіз жоғары бағалайтын реформа?

- Абай поэзиясы.

- Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

- Жақсы қасиеттің бәрін, бірақ ол мүмкін емес.

- Қалай өлгіңіз келеді?

- Кәлима айтып...

- Дәл қазіргі көңіл күйіңіз?

- Бір қалыпты

- Сіздің ұраныңыз?

- Ұран туралы да ойланбаппын. Жұмабай Шаштайұлының: «Қателессең де, әділ қателес» деген сөзі ылғи ойымда жүреді.

Сөз соңы

"Абай порталы" замандастарымызды, жас ғалымдар, журналистер мен қаламгерлерді Марсель Прусттың сауалнамасына жауап беріп, сайтқа жіберуге шақырады. Адам мен оның көзқарасы өзгермей тұрмайды. Тағы да жылдар өткеннен кейін өз жауаптарыңызға өзіңіз таң қалатын кез тууы да ықтимал. Аман болсақ, сол сауалдарды он, жиырма жыл өткен соң қайталап қоятын боламыз. 

Қазірге дейін Пруст сауалнамасына жауап берген азаматтар:

Айдос Сарым, Ақберен Елгезек

Байбота Қошым-Ноғай

Қанат Тілеухан

Дайындаған Тілек Ырысбек, Бауыржан Майтай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 527
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 277
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 301
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 304