Жұма, 3 Мамыр 2024
3317 0 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 16:01

АҚШ: Сирияда химиялық шабуылға дайындалғанының дәлелдері көп

АҚШ Сирия үкіметінің Идлиб провинциясында химиялық қару қолдануға дайындалып жатқанының дәлелдері бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Джим Джеффри айтты, деп хабарлады Reuters.

Бұл нақты қандай дәлелдер екендігін дипломат түсіндірмеді. Вашингтон Идлибке жасалған кез келген шабуылды "ақылға қонымсыз эскалация" деп бағалайды, деді ол. Бұған дейін Ақ үй Асад күштері Идлибте химиялық қару қолданған жағдайда, АҚШ оған бірден жауап беретінін ескерткен.

Жұма күні Тегеранда Ресей, Иран және Түркияның Идлибтегі жағдайға қатысты кездесуі өтуі тиіс. "Орыстар түріктермен тіл табыса алар-алмасын ертең білеміз", - деді Джеффри.

Идлиб – қарулы оппозиция бекінген соңғы провинция. Идлибте миллиондаған босқын мен тұрғын тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 567
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 315
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 326