Сенбі, 11 Мамыр 2024
4461 0 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 10:04

Бағдат Әмреев Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы болып тағайындалды

Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесі мүшелерінің шешімімен қазақстандық дипломат Бағдат Әмреев осы ұйымның бас хатшысы болды.

Бағдат Әмреев 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Тәжік мемлекеттік университетін "арабтанушы-шығыстанушы" мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан бастап Таяу Шығыс елдерінде дипломатиялық қызметтерде жұмыс істеген. 1996 жылы Қазақстанның Сауд Арабиясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. 2008 жылы жаздан бастап Қазақстанның Түркиядағы елшісі қызметін атқарды, сол жылдың қарашасынан Албаниядағы елші қызметін қоса атқарушы болды. 2011 жылдың ақпанында Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесі - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияны біріктіретін халықаралық ұйым. Ол аталған елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту мақсатында құрылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1927
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523