Сенбі, 11 Мамыр 2024
3226 0 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 09:49

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында түркімендер үш медаль алды

2 қыркүйекте Қырғызстанда басталған III Дүниежүзілік көшпенділер ойынында түркімен атлеттері сапасы түрлі үш медаль жеңіп алды. Түркімендер тәжік ұлттық күресі -"гуштини милли камарбанди" спортынан сәтті өнер көрсетті.

100 келіден жоғары салмақта Аннамырат Мырадов алтын алды. Бұған қоса, жеңімпаз "Ұлы көшпенділер күресіне" қатысуға мүмкіндік алды. Бұл турнирдегі ең сыйлы спорт түрлерінің бірі саналады. Екінші және үшінші орындарға Бегенч Ягмыров (68 келіге дейін) мен Силапберди Нурыев (82 келіге дейін) көтерілді.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты 2 қыркүйекте Ыстықкөл облысындағы Бактуу-Долоноту ауылының ипподромында өтті. Қырғызстан үкіметінің 2012 жылғы бастамасымен өткізіліп келе жатқан турнирдің мақсаты - көшпелі өркениетті қайта жаңғырту.

Ойындарға әлемнің 66 елінен бір жарым мыңнан астам спортшы қатысады. Барлығы 594 медаль сарапқа салынады – 174 алтын, 173 күміс және 247 қола.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2127
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1764
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532