Жексенбі, 12 Мамыр 2024
3722 2 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 07:37

ҚР азаматтары отбасын біріктіру мақсатында шетте қалған туыстарына шақырту жібере алады

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімі  қала тұрғындарына мына жағдайды хабарлайды: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес, еліміз азаматтары шет елдерде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын атамекендегі отбасымен біріктіру мақсатында қоныстандыруға шақырту қағазын жібере алады.

Бұл ретте «Отбасын біріктіру туралы» шақырту қағазы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы атынан 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген қағидамен реттелетін болады.

Ескертетініміз, өтініш беруші – шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды тарихи отанындағы туған-туыс, отбасысымен біріктіру үшін қоныстандыру мақсатында өтініш білдіретін адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Бұл ретте туыстар деп - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейінгі ортақ жақындығы бар туыстық қатынастағы адамдар саналады. Демек, Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды ата-жұрттағы отбасымен біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдірген жағдайда, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына өтініш білдірушілердің шақырулары өтініштерін қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде қаралады және куәландырылады.

Ал егер өтініш білдіруші Қағидада көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырмаған жағдайда, онда Басқарма үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша негіздемеде (ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жауап жазып, қайтарып жібере алады.

Жалпы Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Төле би көшесі, 155-үй мекен-жайында орналасқан.

К.Галиева, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы  Көші-қон бөлімінің басшысы.

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1946
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2192
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1811
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540