Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Ресми жауап 3938 1 пікір 2 Қыркүйек, 2018 сағат 22:02

Биыл Қостанайда бес емес, сегіз мектеп жабылды

«Аbai.кz»  ақпараттық  порталында

 2018 жылғы 28 тамызда  жарияланған 

"Әкім болсаң, бес мектеп жабылса да

былқ етпейтін біздің Архимедтей бол!"

атты Жайберген  Болатовтың мақаласына ресми жауап

Жайберген Болатовтың облыстың білім саласындағы мәселелерге алаңдаушылық білдіргеніне  құрметпен  қараймыз.

Облыстық білім басқармасы басшысының барлық ресми сөйлеген сөздері үнемі БАҚ-тың назарына ұсынылады. Мақала жазуға пайдалану үшін арнайы жіберілетіні белгілі.

Бірақ, мына жағдайға бірқатар түзетулер енгізуді қажет деп санаймыз.

Көптеген мектептердің саны білім беру ұйымдардың кепілді мемлекеттік норматив торабына сай келмейтінін (ҚР Үкіметінің Қаулысы 21.12.2007 ж. №1256) керісінше, селолардағы мектепті сақтап қалу мәселесіне деген жан-жақты ойластырған байыпты әрекет екенін ескертеміз . Мектепті жабудың алдында, нақты селоның барлық перспективалары, мектеп жасына дейінгі балалардың саны, сапалы білім беру қызметінің мүмкіндіктері қаралады.

ҚР Үкіметінің көрсетілген Қаулысына сәйкес, бастауыш мектепте оқушы саны 5-еуден кем болмауы керек, негізгі мектептерде - 41-ден, ал орта мектептерде - 81-ден кем болмауы лазым.

2017-2018 оқу жылының соңына таман облыста мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің саны 514 болды, оның қатарында білім беру ұйымдардың кепілді мемлекеттік норматив талабына сай келмейтіні 115 екені анықталды.

Биылғы жылы жазғы маусымда барлығы 9 мектеп жабылды. Бұл жерде  атап өтетін нәрсе, 2018 жылы 8 тамыздағы облыс әкімдігінің аппарат жиналысы өткізген сәтінде жабылған мектеп саны 5-еу болатын, ал 22 тамызда білім қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясында оның саны 8-ге жетті.

Жабылған мектептердің қатарында – Әулиекөл ауданындағы  Жалтыркөл (2 оқушы) және Шилі (1 оқушы) бастауыш мектептері, Қарабалық ауданындағы Подгородский БМ (1 оқушы), Қостанай ауданындағы Новоселов (3 оқушы), Ленин (3 оқушы), Талапкер (3 оқушы) БМ, Қарасу ауданындағы Май (4 оқушы) БМ, Федоров ауданындағы Жыланды (3 оқушы) бастауыш мектептері бар.

Барлық жабылған мектептердің оқушыларына жақын маңайдағы мектептерге күнделікті немесе мектеп-интернатқа апта сайын апарып, алып келетін мүмкіндіктер қарастырылды.

Тағы да қайталап айтсақ, мемлекеттік нормативке сай келмейтін мектептер саны, ол сол немесе басқа да селоның перспективасы мен тұрғындардың көшіп-қонуына байланысты туындап отыр.

Ал енді мектеп автобустарына келетін болсақ, жалпы оқушыларды 139 автобус таситын болады. Рас, Сарыкөл ауданында биыл 1 автобус, ал Қостанай ауданында 11 миллион теңгеге 1 автобус сатып алынды.

Мемлекеттік нормативке сай келмейтін, бірақ алдағы уақытта даму мүмкіндігі бар мектептерді сақтап қалу, сондай-ақ кезең-кезеңмен автобус паркін жаңарту үшін бүгінгі күнге қосымша 29 автобус қажеттілігі белгіленіп, оны іске асыру үшін кезеңді жоспар жасалды.

Сайып келгенде, облыстағы білім саласының мәселелері, мемлекеттік мектептер жүйесін сақтау, сапалы білім беру үшін қолайлы жағдай жасау басты міндетіміз болып қала бермек.

Каткенов Құсайын Амангелдіұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының міндеттің атқарушы 

Abai.kz

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2153
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533