Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 4967 35 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 16:15

Украинаның жетістіктері

Ресей телеарналары Украинаны жамандап күн сайын ондаған телехабарлар «жуындысын» эфирге төгіп жатқанымен ел іс жүзінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде.
1. Соның ең бастыларының бірі Украина қысқа мерзімде ұрысқа қабілетті мүлде жаңа армия құра алды. Ол қазір Ресей армиясына лайықты тойтарыс бере алатын күшке айналды. Өз әскерін өз қару-жарағымен, өз киімімен толықтай жабдықтап отыр. Материалдық базасы күшейді. Қазір әлемде 29 орында.
2. Ресей газына тәуелділік жойылды, газ енді Еуропадан сатып алынуда. Украинаны ұстап тұрған Ресей «қармағы» жойылды.
3. Елде азаматық қоғамды дамытатын әлеуметтік лифтер жұмыс істей бастады. Жауапты мемлекеттік қызмет орындарына көптеген қоғам белсенділері келді. Олар талай былықтардың бетін ашты. Тіпті Қорғаныс министрлігіне әскер үшін сатып алулар жасауды қадағалайтын волонтерлер тартылды.
4. Ең кереметі - Ішкі істер министрлігінде реформа жасалды. Жаңа полиция жазалаушы орган емес – сервистік қызметке айналды. «Кішіпейіл патрульдер» өздерінің коррупциядан аулақ екендігін дәлелдеді, тәртіпсіздігі үшін кез келген лауазым иесіне хаттама толтырылатын болды.
5. Украина еуропалық нарыққа жол ашты. Украин диқандары былтыр қарт құрлыққа мол азық-түлік сатты. Көлемі Түркиядан кем болмады. Енді дайын өнімдер Еуропа нарығына шығарылуда.
6. «Антонов» зауытында жасаған АН-178 әскери-транспорттық ұшағы қанатты сенсацияға айналды. Ол бастапқы сызбасынан бастап соңғы винтіне дейін отандық өнім. Ол ұшу параметрлері жағынан Ле Бурже авиасалонында көптеген елдердің өкілдерін қатты қызықтырды.
7. Украина кешегі коммунистік жүйенің идеологиясын да, символикасын да лақтырып тастады. Қызыл идеологияға да, нацистік идеологияға да заңмен тыйым салынды. Коммунистік көсемдерге ескерткіштер алынып жатыр.
8. Украина ТМД келісімінен шығуға бел байлады. Агрессор ел ретінде Ресеймен байланыстарын тоықтай үзді. Террористік қауіпті елдердің, оның қатарында Ресей де бар, азаматтарының Украинаға келуі тек виза арқылы жүзеге асырылатын болды.
9. Украинаның НАТО-ға мүше болуы толықтай шешілді.
10. Білім және спорт салаларында да қол жеткен табыстар аз емес.

Марат Тоқашбаевтың facebook парақшасынан
Abai.kz
35 пікір