Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3586 0 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:01

Аян Дуйсембаев: Көбі досымды мен деп ойлап қалған

Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев Минск облысындағы казинода түсірілген даулы видеоға қатысты пікірін білдірді.

"Заңгер ретінде мен осы жағдайға қатысты видеоның түпнұсқалылығын анықтау мақсатында сараптама жүргізу қажеттігін айтып, қандай да бір пікір білдіруден бас тарта алар едім. Алайда менің өмірлік ұстанымдарым достарымды ұстап беруге құқық бермейді. Иә, бұл видеода мен және Махмұд Мералиев түсірілген. Видео 2014 жылы түсірілген, ол кезде мен заңды түрде алған еңбек демалысында болған еді. Сонда мен екі досыммен отбасыларымызбен Түркияға демалуға бардық. Шамамен бір аптадан соң біз Мералиевтің ұсынысымен Беларуське барып қайтуды шештік. Оның танысы хабарласып, бізді қонаққа шақырды. Ол сондағы казино иелерінің бірі екне. Содан қонақүйде отырғанымда маған Махмұдтың әйелі досын үйге алып келуін сұраған. Мералиев мас болған. Мен оған жеткенше ол екі рет ұтыс тігіп үлгенрген. Бірақ кейін ол мас болғандықтан оған ойнауға рұқсат бермеген.

Айтылған балағат сөздер жайлы айтатын болсақ. Видеоны мұқият көрсек, онда менің мүлде сөйлемегенімді байқауға болады. Көбі досымды мен деп ойлап қалған", -  деді Аян Дуйсембаев.

Атырау облыстық ІІД басшысының айтуынша, досының казинодағы ақшасы Желіде айтылып жатқан сандарға қарағанда аз.

"Мұнда сомадағы ақшаны мемлекеттік шекарадан ешбір кедергісіз алып өту дегенді қалай елестетесіздер? Онымен қоса, казиноның ешқандай да иесі ойыншыларға осыншама ақшаны қарызға бермейді. Бұл сандырақ сөз. Мералиевтің 100 мың жайлы айтып жатқанын естідім. Осыған дейін ІІМ өкілдері 2014 жылы жүргізілген тексерістің ақшаның казиноға Мералиевтің есепшоттарынан және картасынан аударылғанын мәлімдеген еді", - деді Аян Дүйсембаев.

Abai.kz

0 пікір