Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3263 1 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 09:52

Елбасы: Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек

Кеше Елбасы Ақордада Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

– Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 345
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 176
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 184
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 184