Жексенбі, 12 Мамыр 2024
3302 2 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 11:21

Өзбек билігі мешіттерге қайта бақылау орнатты

Озодлик радиосына (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарласқан өзбекстандық тұрғындар Құрбан айт кезінде, Ташкенттің Чупонота мешітінде найыб имамы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған мәтінді уағыз ретінде оқыды деп шағымданды.

Мешіттің найыб имамы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) мешітке келушілерге бақылау орнатқанын мойындаған. Биыл ақпан айында ӨМДБ төраға орынбасары Айдарбек Түлепов қызметінен алынғаннан кейін, Өзбекстанда мешіттер құқық қорғау органдары тарапынан бақылаусыз қалған.

ӨМДБ өкілі 23 тамызда елдегі 2039 мешіттің имамдарына Құрбан айтта айтылатын уағыздың бірдей мәтінін жібергенін растады. Ол мұны көптеген мешіттердің имамдарында жеткілікті діни сауат жоқ, олар өз беттерінше уағыз айтуға дайын емес деп түсіндірді.

56 жастағы Ташкент тұрғыны Камариддин Курбанов елде көптеген мұсылмандар биліктің бақылауының астында Құдайға жалбарынып, имамдардың зеріктіретін уағыздарын тыңдауға мәжбүр дейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2177
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1794
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535