Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
2851 1 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 10:24

Болтон мен Патрушевтің кездесуі бірлескен мәлімдемесіз аяқталды

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон мен Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің Женевадағы кездесуі бірлескен мәлімдемесіз аяқталды.

Болтонның айтуынша, кездесудің бірлескен мәлімдемесіз аяқталуының себебі, ол келіссөз кезінде Америкадағы сайлауға Ресейдің араласуы мәселесін көтерген.

АҚШ президентінің кеңесшісі Вашингтон кезекті сайлау процесіне басқа елдің араласуына енді жол бермейді деп атап өтті. Оның сөзінше, Құрама Штаттар қараша айында өтетін АҚШ Конгресіне сайлауға кедергілерді алдын алады.

Екі тараптың кездесуі бес сағатқа созылды. Ол жабық есік жағдайында өтті. Тіпті қол алысу кезінде де, журналистер жіберілмеді. Кездесу барысында Сириядағы соғыс, Украинаның шығысындағы кикілжің және екіжақты қарым-қатынас аясында АҚШ санкциясының күшеюі талқыланған.

Патрушев келіссөз аяқталғаннан кейін, Құрама Штаттардың ресми өкілдерін Ресейге шақырған. Бірақ келесі кездесудің қашан өтетіні жөнінде ортақ шешімге келмеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар