Сенбі, 4 Мамыр 2024
3396 1 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 15:37

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы екі бекеттің мәртебесін өзгертеді

Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен шекарадағы "Сартөбе" ("Токмок") және "Ауқатты" ("Кенбулун") өткізу бекеттерінің екі жақтылығына көп жақты мәрте беруге дайын. Бұл туралы ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 17 тамызда Астанада қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің VII отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай ұсынысты қырғыз тарапы жасаған.

"Сол арқылы өткізу мүмкіндігі артады. Мұндай өзгеріс аталған пунктердің инфрақұрылымын жетілдіруді талап етеді", - деді Сағынтаев.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 4 халықаралық және 4 екіжақты өткізу пунктері жұмыс істейді. Күніне шекара арқылы 30 мыңға жуық адам өтеді.

Солардың ішіндегі ең ірісі - "Ақ Жол" өткізу бекеті. Бішкек қаласына жақын орналасқан бекет арқылы күніне 12 мың адам және 500-600 автокөлік өтеді.

Туристік маусым уақытында күн сайын екі ел шекарасынан 70 мыңға жуық адам өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1109
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1007
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 856