Сенбі, 4 Мамыр 2024
2726 0 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 13:43

Алматы қаласы инженерлік желілерінің қайта өңделуі тамыз айының аяғында аяқталады

Алматы шаһарының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланың инженерлік коммуникацияларының жаңарту қарқынын тексерді. Қазіргі кезде мегаполисте 12 шақырым жылу желілерінің жөндеу жұмыстары, қолданыстағы газ құбырларының кеңейтілуі және, 120 мыңнан астам тұрғынға арналған, жаңа су құбырларының өткізілуі аяқталуда, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсут Исаховтың айтуынша, жүргін бөліктегі инженерлік желілердің қайта өнделуі айдын аяғында аяқталады, сонымен автокөліктердің барлық учаскелерде кедергісіз жүруі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қайта өндеу кезінде қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен камтамасыз еткен, уақытша кестелерді бұзу және аумақты көріктендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Биылғы жылы Төле би (Варламов - Өтеген батыр - Отарская және Розыбакиев – Тлендиев көш.), Бөгенбай батыр (Мұқанов – Айтиев көш.), Жамбыл (Пушкин - Назарбаев), Қазыбек би (Уалиханов – Абдуллин көш.), Қарасай батыр (Наурызбай батыр – Чайковский көш.), Чайковский (Қарасай батыр - Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы - Орталық стадион) көшелерінде инженерлік желілер жаңартылды.

Соңғы жылдары Алматы қаласында 800 шақты шақырым инженерлік желілер салынып, қайта өнделді. Оның ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз жүйесі, 15 шақырым электр құбырлары және 32,3 шақырым жылу құбырлары.

Ұзындығы 500-дей шақырымды құрайтын 524 көше және жаяу жүргіншілерге арналған, ұзындығы 100 шақырымды құрайтын жаяужол жөнделді. Алматының 3 787 аулаларынан 1 400-дей аула жаңартылып, қайта өнделді. Барлық жерасты өткелілердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Сонымен қатар, шаһардың тарихи орталығының қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Былтыр Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсеитова көшелері және «Астана» алаңы жаңартылса, биыл Абай даңғылы, Абылайхан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан көшелері, «Алматы-2» бекетінің аумағы және Республика Сарайының алдындағы алаң жөнделуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1095
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 991
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 727
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 844