Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2917 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:47

Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізудің талаптарын түсіндіреді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (әрі қарай - Конституциялық заң) 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үгіт- насихат жұмыстарын бастады,деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 4 ақпанындағы №16/22 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына» сәйкес сайлау алдындағы үгіт- насихат жұмысы 2011 жылдың 2 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар баспа және басқада бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын түсіндіріп, үгіт және насихат жүргізуге құқылы.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуінің тең жағдайына кепілдік беріледі (Конституциялық заңының 28-бабының 2-тармағы).

Конституциялық заңның 27-бабының 7-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға міндетті.

Конституциялық заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жері мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәліметтер болуға тиіс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағымен сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргізген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді дауыс берілетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс берілетін үй-жайда немесе дауыс беру пунктінде қоғамдық пікірге сұрау салуға тыйым салынады деп көзделген.

Көрсетілген тыйымдарды және сайлау алдындағы үгіт жүргізу талаптарын сақтамау Конституциялық заңның 50-бабының 2-тармағының 5, 11, 16-тармақшаларына, 59-бабының 7-тармағына, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-баптарына сәйкес кінәлі тұлғалардың әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне әкеп соғады.

Бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгіт жүргізу, оның ішінде кандидаттар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасау Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес сот тәртібімен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Заңнама нормаларының мазмұнын түсіндіре отырып, Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізу талаптарын бұзуға, үгіт материалдарын заңсыз дайындау және тарату, сондай-ақ кандидаттар туралы жалған мәліметтер тарату немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасауға жол берілмейтініне азаматтардың, лауазымды және барлық бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 317
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 159
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 163
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 157