Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2093 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:46

Мемлекет басшысы Шымкенттегі жаңа перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бейсенбі күнгі Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында 2010 жылдың желтоқсан айында Шымкенттің «Нұрсат» ықшам ауданында салынған жаңа №4 перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, перинаталдық орталықтың құрылысы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Шейх Халиф Бен Заид әл Нахаянның қорымен қаржыландырылды. «Жобаның құны 25 млн. 530 мың долларды құрады», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

№4 перинаталдық орталық 120 кереуетке шақталған. ҚР Президентіне орталықтың бас дәрігері Лейлә Үкібаева хабарлағандай, онда 80 кереуеттік босану бөлімшесі жұмыс жасайды, оның ішінде 12 кереует ересектер реанимациясы және 9 кереует жаңа туған нәрестелер реанимациясына тиесілі. Екіқабат әйелдер патологиясы, гинекология мен жаңа туған нәрестелерді өмірге бейімдеудің екінші сатылық бөлімшелері бар. «Балалар реанимациясы бөлімшесіне реанимациялық және белсенді емдеуді қажет ететін 28 күндік өмірі бар сәбилер келіп түседі. Емдеудің екінші сатысы - салмағы аз сәбилер мен белсенді терапия алғандар және одан әрі белсенді терапиясыз неонатальдық бақылауды қажет ететін сәбилерге қатысты», - дейді Л.Үкібаева. Сонымен қатар орталықта кеңес беру-тексеру блогы да жұмыс жасайды.

Перзентхана жылына 6 мыңға жуық әйелді босандырып, осы амбулаторлық учаскеде тұрып жатқан 72 мыңнан астам әйелге амбулаторлық емханалық көмек көрсете алады деп жоспарланып отыр. №4 перинаталдық орталығы тексерудің және емдеудің жоғары технологиялық әдістерін қолдана алуы үшін қазіргі заман талабына сай жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жабдықтардың құны - 5 млн. 530 мың долларды құрайды.

ҚР Президенті осы қазіргі заманғы жабдықтарды мейлінше тиімді пайдалана алуы үшін дәрігерлердің білімі мен біліктілігі сай болуы қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы 2013 жылы ең алдымен әйелдер мен балалар ауруының алдын алу жүйесі басты бағыттарының бірі болып саналатын Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі аяқталатынын да еске сала кетті.

0 пікір

Үздік материалдар