Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3490 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 04:36

Өркен Кенжебек. «Кім президент болғысы келеді?»

2001 жылдың сәуір айы. «Миллион кімге бұйырады?» деген телевизиялық ойын шыққанда, оның жарнамасына елікпеген жұрт қалмаған еді. Енді ше,  бар-жоғы 15 сұраққа бас қатырасың да, 5 млн теңгені қалтаңа басасың...

2011 жылдың сәуір айы. «Кім президент болғысы келеді» деген саяси ойын басталғанда, оның да буына буыны балқымаған адамның нобайы аз болмапты. Енді ше, лаждап лингвистикалық комиссиядан өтсең, 799 мың 950 теңге жарнасын төлеп, 91 мың сайлаушының қолын жинап келіп, сайлауға түссең - бітті: Ақорданың есігі алдыңнан ашылады.

Содан да, биылғы сайлаудың көрігін күзетші, зейнеткер, көріпкел қыздырып жатса, таңданудың еш реті жоқ. Бүгінгі әңгімеміздің түп-төркініне тартсақ, ертең сайлауға үміткер болып тіркелудің соңғы күні. Тіркеліп үлгергені төрт адам.

Кандидаттың аты-жөні

Жиналған қолдар саны

Лауазымы

Нұрсұлтан Назарбаев

700 мыңнан астам

ҚР Президенті

Жамбыл Ахметбеков

2001 жылдың сәуір айы. «Миллион кімге бұйырады?» деген телевизиялық ойын шыққанда, оның жарнамасына елікпеген жұрт қалмаған еді. Енді ше,  бар-жоғы 15 сұраққа бас қатырасың да, 5 млн теңгені қалтаңа басасың...

2011 жылдың сәуір айы. «Кім президент болғысы келеді» деген саяси ойын басталғанда, оның да буына буыны балқымаған адамның нобайы аз болмапты. Енді ше, лаждап лингвистикалық комиссиядан өтсең, 799 мың 950 теңге жарнасын төлеп, 91 мың сайлаушының қолын жинап келіп, сайлауға түссең - бітті: Ақорданың есігі алдыңнан ашылады.

Содан да, биылғы сайлаудың көрігін күзетші, зейнеткер, көріпкел қыздырып жатса, таңданудың еш реті жоқ. Бүгінгі әңгімеміздің түп-төркініне тартсақ, ертең сайлауға үміткер болып тіркелудің соңғы күні. Тіркеліп үлгергені төрт адам.

Кандидаттың аты-жөні

Жиналған қолдар саны

Лауазымы

Нұрсұлтан Назарбаев

700 мыңнан астам

ҚР Президенті

Жамбыл Ахметбеков

96 557

Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы ОК хатшысы

Мэльс Елеусізов

95 128

«Табиғат» экоқозғалысының жетекшісі

Ғани Қасымов

97 580

Қазақстанның Патриоттар партиясы

Бұл жолы бізді потенциальды «президент кәлласында» ой қайнатып жүрген азаматтардың сайлауалды бағдарламасы қызықтырған еді. Біреу-міреуі Құдай жарылқап, халық қолдап президент болып кетсе деген жорамал жасап көрсек ше... Мысалы, «Елеусізов ел басына келсе, алдымен не істейді?» немесе «Бәзілбаев не бітіреді?» деген сұрақтар сізге де қызық шығар, ә. Тегі болмаса, талаптанып жүргендердің бәрінің де жүйеге болмаса да, үкіметтің жұмысына айтар базынасы бардай, айтары көптей көрінеді. Мәселенки, Ғани Қасымовтың «Мәсімов үкіметіне ырза емеспін» деген сөзімен сайлауға түсуіне себеп іздеген-ді. Солай-ақ болсын, сонда ол сайлана қалса, не ұсынады екен?

Ғани Қасымов. «Адам-партия»

Бозбала кезіміздегі боевик қаһармандары Шварценеггер я Сталлонені «адам-армия» деп кекетсе, бізге одан өткен қаралау жоқтай көрінетін. Расында, олардың кино барысында жалаң денесіне балшық жағып алып, ел басқарып отырған диктаторлардың басын алып жататыны жалған емес қой. Оқ атсаң, тимейді, ол атса, қақ шекеден переді. Осыған салсақ, сенатор Қасымовты да саясаттың Сталоннесі деп атауға келетін сияқты. Себебі, сіз осы уақытқа дейін Қазақстанның Патриоттар партиясының атынан Қасымовтан басқа адам сөйлегенін көріп пе едіңіз? Қайда басқалары? Сондықтан, «адам-партия» Қасымовтың партия дегені саяси беделін салмақтау жолындағы соқадан артық болмаса, кем емес біз үшін.

Әрине, Қасымовтан 1999 жылдың президент сайлауындағы тегеурінін күтсеңіз, тоспай-ақ қойыңыз дер едік. Бүгінде ол самай шашы ағарғанын уайым қыла ма екен, жыны шыққан бақсыдай жуасыған жанның кейпінде. Уағында журналистерге ваза лақтырып, бокалды қолында уатқанын жұрт жыр қылып айтқан жылдар еді.... Лебедьтің де, Жириновскийдің де «терісін» киіп көрді, болмады. 99-дың сайлауында үшінші орында болып, 2005 жылдың сайлауына қатыспаған сенатор бұл жолы жасырып отырған қандай отшашуы бар дерсіз? Қайдам... Бұл жолы 1999 жылдың сайлауындағы «Тәртіп сақтауға қарай 12 қадам» атты бағдарламасының шаңын бір сілкіп, қайта ұсынуы ғажап емес. Осыдан 12 жыл бұрын Қасымов жемқорлықты жойып, жұмыссыздықпен күресемін, шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың бәрін қайта қараймын деп еді. Биыл да қайталар деген сенімдеміз.

Жамбыл Ахметбеков. «Мой Мирден»  насихат айтатын коммунист

Косарев партиясының намысын жыртатын азамат әлеуметтік желілер арқылы насихат жүргіземін деп отыр. Мысалы, «Мой мирден» жеке бет ашып, жастардың көңілінен шығатындай жолдар қарастырып көрмекші. Ахметбеков сайлауға түсемін деп белдігін байлаған сәттен-ақ, өзіне ең қауіпті қарсыласты анықтап алған болатын. Ол - Н.Назарбаев емес, ол - қазақстандықтардың селқостығы. Ахметовбековтың айтуынша, біздің үнсіз келісімізбен елде кәсіпқойлық жағымпаздыққа ұласқан ашхабадизация үрдісі жүріп жатқан көрінеді. Ал, халықшыл коммунистің алдағы жоспарында не тұр десеңіщз, ол әзірге ашып ештене айтқан жоқ. Кеше күні бойы телефон нөміріне түсе алмағанымызға ұяла отырып, Ахметбековтың бағдарламасы әлеуметке бағдарланған болады деп болжап отырмыз. Айталық, шарықтап кеткен баға мен тарифтерді жөнге салу...

Мэльс Елеусізов. Қатысу үшін қатысатын саясаткер

Басқаша қалай айтасыз енді? Елеусізовтың парламент пен президент сайлауларына қатысамын дегені есепке бағынбай кетеді екен еске алғанда. «Ештеңе емес. Елбасының орынтағына қызықпаймын. Менікі сол экология мәселесіне қоғамның назарын аудартып қою» деген етін журналистерге. Сол журналистің бірі болып Мэльс мырзаны мазалағанбыз. «Ағасы, сайлауалды бағдарламаңыздан сыр тарқатып қойсаңыз» деп сауал қойдық. Амал не, ақтарылып ештене айта қоймаған соң, «жұмыссыздық, ана мен бала мәселелерін көтерерсіз» деп аузына сөз салудың мезіретін жасағанбыз. «Иә,иә солай, оқыс, оғаш ештене болмайды, сол нормальный ұсыныстар ғой.. баяғы» деді. «Баяғы» дегеннен-ақ, мұрағаттан баяғы ұсыныстарын іздей беріңіз.

Мұсағали Дуамбеков. Қайраттың шинелінен шықпаған табиғат қорғаушы

Тағы бір эколог«крышасы» Қайрат Сатыбалды» деген тіркестен секірсе де, айрыла алмай жүргенінен таныс шығарсыздар. «Менің Қазақстаным» партиясын Қайрат Сатыбалды емес, өзім құрдым» дегенмен, құрғыр ауыз үйреніп қалған ғой,  Қайраттың «інішегі» дегіміз келіп тұрады... Ол да «осылай» деп сайлауалды бағдарламасынан аңдатпа жасаған емес. Дәу де болса, ол дүйім жұрттың назарын табиғат қорғау мәселелеріне аударғысы келетін шығар.

Сәлім Өтен. «Баяғы совхоздар сияқты бірнәрсе керек»

Осымен үшінші рет сайлауға қатысып отырған Сәлім мырзаның 2005 жылғы президент сайлауындағы мына бір сөздері есімізге түсіп отырғаны. «Бұл сайлауға мен емес, Жаратушы бұйрық беріп отыр. Мен тек оның қалауын орындап отырмын» деп айды аспанған шығарған ағамызға тілдескенде, ол бағдарламасы туралы сол сәтте ойланғандай әсер қалдырды. «Енді өндірісті көтеру керек. Ауылды көтеру керек. Баяғы совхоз-колхоз сияқты бәрнәрсе.. құрылымдар керек. Тәртіп жоқ елде, қара қазақ құлға айналды. Мықты қол керек қой енді», - деген «мықты қолдың » бар айтқаны осы. Айтпақшы, Сәлім Өтен өтірік-шынын кім айырсын, «қажет қолды жинап қойдым» деп жауап берді. «Енді неге ОСК-ге апарып тапсырмайсыз?» десек, «Назарбаевтың кандидатурасын сайлаудан алып тастау туралы Жоғары Сотқа арызданғанымды білетін шығарсыздар. Егер оны орындаса, сайлауға қатысамын, керісінше жағдайда, өз кандидатурамды алып тастаймын» деді. Бұған енді не айтарсың? Сондағысы, Бәзілбаев Елбасын жасырын үгіт-насихат жүргізді деген айыппен сайлау заңнамаларын бұзды деп отыр.

Құрманғазы Рахметов. «Желтоқсаншылардың жағдайын жасаймын»

Ұлтшыл-патриоттардың атынан үміткер болып отырған Құрманғазы 86-ның қанды желтоқсанына қатысқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылып, екі жылдай қапаста отырған. Әйтеуір, шеккен азабы үшін үкіметтен 8 млн теңгенің өтемақысын өндіріп алған желтоқсаншының телефонына хабарласа алмадық. Желтоқсан тарихы арқылы халықтың рухын оятуды мақсат тұтқан мырзаның желтоқсаншылардың құқығын қорғап, қазақтың тіл,дін,діл деген мәселелерінің ұшығын көтеремін депті базбір баспасөз беттерінде.

Серік Сапарғали. «6 күнде 91 мың қол жинау мүмкін емес...»

Иә, ұлтшыл саясаткердің ұялы телефонына хабарласқанымызда осыны айтты. «Қазақстан деген өзің білесің, алып ел. Ана басы мен мына басына барып келуге көп уақыт кетеді. Оның үстіне ауа райы құбылып тұр», - дей келе, ағамыз Орталық сайлау комиссиясынан 10 наурызға дейін қол жинау науқанын соза тұру туралы арызқа қосылып отыр. Амалдың кемдігінен, әрине. Ал сайлауалды бағдарламаға келсек, Серік Сапарғали біріншіден, ұлтты отарсыздандыру, яки люстрация туралы заң қабылдауымыз керек дейді. «Тәуелсіздік тарихын зерттейтін арнайы комиссия құрылып, әкімдердің сайлануын іс жүзінде енгізілуі керек. Парламенттің қасында санақ комитеті құрылуы тиіс. Себебі, бізде Үкімет ақшаны өзі жаратады да, өзі тексереді», - деген ұсыныстарын айтқан саясаткер ауылшаруашылық жерлерін шаруаларға қайтарып беру керек деп отыр.

Жақсыбай Бәзілбаев. «Назарбаевтан 100 мың қолын сұрап аламын»

Қате жазған да, қағыс көрген де жоқпыз (сыз), атышулы Бәзілбаев кеше Президент канцеляриясына осы мәтіндегі хатын апарып тастапты. Бұл жолғы сайлауда тиісті қолды жинап үлгере алмайтыны белгілі болғандықтан, осындай амалға барып отырса керек. Артынша-ақ, бүгін оның сайлаудан өз кандидатурасын алып тастағаны белгілі болды. Оның үстіне, Н.Назарбаев оған артық-кемі жоқ 300 мың адамның қолы қарыз болып шығыпты. Себебі, баяғы сайлаулар кезінде Бәзілбаев осынша адамның дауысын алып, ақырында оны Назарбаев кандидатурасына қосып жіберіп, «қамқорлық» жасапты. «Енді Елбасы жинаған 700 мыңдай қолдың 100 мыңын менің есебіме жазса, ешкімнің де есесі кетпейді» деген Бәзілбаевтың ұсыныстары да «біртүрлілеу». Парламент сайлауына елу партия қатысса да, басым дауыс алған бес партиясы міндетті түрде Парламенттен орын табады. Бес бала тапқандарға 3 бөлмелі пәтер беріліп, 5-7 баласы бар ата-аналар мәселесі болса, тек облыс я қала әкіміне барып, айтады. Араб елдеріндегідей қор ашып, әрбір жастың 17 жасқа дейін ақшасы жиналатын болады. «Коалициялық үкімет құрылып, патриотың да, оппозицияң да бір жерден табылатын бақытты да бақуатты ел боламыз» деген Бәзілбаевтың сөзіне сенгің-ақ келеді. «Менің қол жинауға шешімді 5 күн бойы күттім. Қасымов 5 минут қана күтті. Содан ОСК-ге тіркелмей жатып, в пожарном порядке қол жинауға аттанып кеттік», - дегеніне қарап, қол жинаудан кеш қалып жүрмесе деп тілегіміз келеді.

Ал жамбылдық Гүлдана Тоқбаева мен кәсіпкер Қанат Тұрагелдиевтың жағдайын айтпаса да түсінікті шығар. Айтпақшы, Тұрагелдиев те өз кандидатурасын алып тастайтынын бүгін айтты. «Суқұйғыш дәуірі туған соң, мемлекетті әйел басқару керек» деген емші Тоқбаеваны да, «Жаратушы қалауымен» жарысқа түскен Тұрагелдиевті де «Сайлау-2011» маусымынан сағынатын боламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір