Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3918 1 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 17:54

Қазақстан алғаш рет бір адамның жүрегін екі рет ауыстырды

Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары әлем бойынша алғаш рет бір адамға алдымен жасанды жүректі салды, артынан оны донорлық жүрекпен ауыстырды, деп xабарлайды Қазақпарат. 

Былтыр 60 жастағы Құнанбай Абыраевқа алдымен толығымен жасанды жүрек салынды. Араға тоғыз ай салып, донор табылды. Пациенттің өзі де донорлық жүрекке дайын болып шықты.

«Тоғыз ай бұрын ол донорлық жүрекке дайын болмады. Себебі бауыр, өкпе және тағы басқа органдарының функциясы нашарлап кетті. Ал жасанды жүректі салғаннан кейін жағдайы жақсарды, өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Осындайда донорлық жүректі салуға болады. Сөйтіп, үш айдан кейін пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін біз донорлық жүректі іздеуге кірістік», - деді орталық басшысы Юрий Пя.

Оның айтуынша, жасанды жүректі донорлық жүрекпен алмастыру операциясы 12 сағатқа созылды. Әлем бойынша алғаш рет жасалған отаны шетелден 30 жуық дәрігер көруге келді. Қазіргі кезде Құнанбай Абыраевтың жағдайы жақсы. Өз күшімен жүріп, тұрады. Теледидар көріп жатады. Ал донорлық жүректі бір жас жігіттің туған-туыстары беруге келісті. Ол қайтыс болғаннан кейін оның бір емес, бірнеше ағзасын науқас адамдарға таратып берді. «Біз ол жігіттің ата-анасына мың алғыс айтамыз. Олар жүректі ғана емес, бүйректі де, бауырды да беруге келісті. Осылайша, бір адам, кем дегенде, төрт адамның өмірін сақтап қалды», - деп атап көрсетті орталық басшысының орынбасары Маxаббат Бекбосынова.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 486
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 252
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 280
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 270