Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Алашорда 6080 2 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 15:24

Жансүгіровтің көзілдірігі табылды

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылының тұрғыны Мұрат Байқожаев ауласында су құбырын қазып жүріп адам сүйектерін тапқан. Бұл сүйектер шамамамен 1937-1938 жылдардағы репрессия құрбандарына тиесілі болуы мүмкін, - деп жазады rsc05.kz сайты. 

Қазба жұмыстары кезінде адам сүйектерімен қатар, киім және басқа заттар да табылған. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері сақталған бұл адам сүйектерінде оқтан қалған тесіктер бар екен. Ал, ауыл тұрғындарының айтуынша, заттардың арасынан Ілияс Жансүгіровтың көзілдірігі де табылған.

“Біз бұл көзілдірікті Ілияс Жансүгіровтың фотосуреттерімен салыстырдық. Олар өте ұқсас. Әрине, мұқият экспертиза жасау керек. Бірақ бұл сол кісіге тиесілі болуы мүмкін. Бұл жерде біздің өткен ғасырдағы интеллигенция өкілдері жерленген. Және мұнда қазақ әдебиетінің ұлы классиктерінің  заттары бар”, - дейді Мұрат.

Археологтар бұл болжамның дұрыс екенін айтады. Бірақ, мұқият медициналық тексеріс қажет. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бұдан әрі қазба жұмыстарын арнайы комиссия жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Жаңалық ауылындағы алғашқы жағдай емес. Бұл ауылдың өзі сол кезеңде саяси қуғын-сүргін құрбандарын жерлеу орны болған. Түрлі дерек көздеріне сәйкес, мұнда 4,5 мыңнан астам адам жерленген. Бұл еліміздегі ең ірі зират болып саналады.

Қазір ауылда ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бар.

Нұрбике Бексұлтанқызы

  Abai.kz

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 229
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 258
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 249