Жұма, 26 Сәуір 2024
4889 7 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 09:05

Өзін КСРО президенті деп жариялады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 26 шілдеде Зеленоград қаласында өзін "КСРО президентімін" деп жариялаған 56 жастағы Сергей Тараскиннің үйінде тінту жүргізді. Тараскиннің 52 жастағы жақтасы Александр Соловьевтың пәтерін де тінтіді.

Олардан "КСРО" ұйымының қызмету туралы аудио және видеоматериалдар, жарғы құжаттары, мөрлер мен типографиялық өнімдер тәркіленген. "Экстремистік қызметке көпшілікті шақыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінтуден соң Тараскин мен Соловьев Тергеу комитетіне жеткізіліп, оларды куәгер ретінде тергеді.

​"КСРО" қозғалысы туралы 2010 жылы белгілі болған. "Медиазона" басылымының мәліметіне қарағанда, бұған дейін тіс дәрігері болған Сергей Тараскин екі жыл бұрын Зеленоградта жеке клиникасын ашқан, бірақ қаржы дағдарысына байланысты ол жабылып қалған. Кәсіпкер қала билігімен соттасып, бір отырысында өзін "КСРО президенті қызметін уақытша атқарушы" ретінде таныстырған. Бұған қоса ол Кеңес Одағының алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевті "дезертир" деп атаған.

Содан кейін Тараскин өз ұйымын құрып, жақтастарымен "КСРО үкіметі ұйымдастырған" ақылы семинарларда кездесіп тұрған.

Abai.kz

7 пікір