Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3055 0 пікір 28 Ақпан, 2011 сағат 05:53

Алматы облысында қар құрсауынан 8 адам құтқарылды және үш автокөлік тартып шығарылды - ТЖМ

АСТАНА.  28 ақпан.  ҚазАқпарат  -     Алматы облысында  іздеу-құтқару  жұмыстарының нәтижесінде   Үшарал-Достық   тас жолында    қар құрсауынан    сегіз адам     құтқарылды,жоғалып кеткен  үш   автокөлік аршылды.   Үсікке  шалынғандар   мен   зардап шеккендер жоқ,  деп хабарлады  дүйсенбі күні  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша, 27 ақпан күні   таңғы  сағат 9-дарда    Алматы облысы  бойынша Төтенше жағдайлар  департаментінің  кезекшісіне  шұғыл  хабар түскен:  Алакөл  ауданы Үшарал қаласының   екі  тұрғыны  «Тойота» көлігімен   «Достық» стансасына   қарай жолға  шыққан, бірақ    ол жерге жетпеген.

Естеріңізге   сала  кетейік,    ауа райының   нашарлауына  байланысты,    Үшарал-Достық тасжолындағы көлік қозғалысы   бүгін де жабық.   Боран  мен  көктайғаққа байланысты бұл жолдағы көлік қозғалысы    23 ақпанда   жабылған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1664
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1602
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1341
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1277