Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3680 0 пікір 28 Ақпан, 2011 сағат 03:51

Мұхтар Шерім. Обшым, адам емес екенсіңдер!

Қабағы қатулы, сәлемi сатулы" деген осы шығар.

- Мен сiздi не үшiн шақырдым, бiлесiз бе,-дедi облыс әкiмi бас полицей Тыжбан Тәпеновке.

- Мақтайын деп...

- Жоқ.

- Жаман жұмыс iстеп жатқан жоқпыз. Облыс бойынша 1230 ауыр қылмыс жасалып, оның 1229-ы қысқартылды. Былтырдан берi  1500 адам өлiп, оның 500-i тiрiлiп кеттi. 300 адам ендi өлейiн деп жатыр.  Алты айда алпыс қатын зорланып, жетпiс кемпiр зорланып қала жаздап, елу бес қыз гүлдерiнен айырылып...

- Гүл-пүлiңiздi қоя тұрыңыз! Мен сiздi не үшiн шақырдым?

- Мыжеке, сiз облыс әкiмi болып келгелi жаман атты болып көрген жоқпын.  Министрлiктен алғыс хатым да бар. Алты айда алты тонна героин тәркiлендi.  Оның бес тоннасын ұрлатып алдық. Төрт тоннасын тауып алдық. Үш тоннасын өртейiн деп жатқанда, екi тоннасы кем болып шықты.  Бiр тоннасының қайда кеткенi белгiсiз.  Бiздiң жiгiттер жұмыс iстеп жатыр. Алты айда...

- Тұра тұрыңыз. Сiздi не үшiн шақырғанымды есiме түсiрейiн. Алты айда, аты айда деп миымды атала етiп жiбердiңiз ғой. Сiздiң салаңыздағы министр менiң жан досым.  Генералмын дейсiз, шенiңiздi офицерге түсiрiп жiберейiн бе? Не үшiн шақырдым сiздi?

- Мен қайдан бiлейiн?

- Бiлесiз. Бiлiп тұрсыз! Ал, менiң есiмнен шығып кеттi.  Мың сан жұмыс.

- Алты айда пәтер тонаушылар саны күрт азайды.  Пәтер иелерi ұры-қарыларды үйлерiне кiргiзбей отыр. Бәрiнде темiр есiк.  Терезелерi торланған! «Бiз аштан өлемiз бе?« деп дiрдектеген екi ұры кабинетiме келiп тұр. Айқайлап қуып шықтым. «Бiзге жоспар керек, давай ұрлық жасаңдар!« дедiм.  Жалпы, алты айда 800 пәтер тоналды. Былтыр 801 едi. Демек ұрлық азайды. Алты айда алаяқтар...

- Тыжбан Тәпенович! Мен сiздi не үшiн шақырғанымды есiме түсiрген сияқтымын.

- Не үшiн шақырған екенсiз?-деп сұрады облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы.

- Бiлмеймiн.

- Жаңа ғана есiме түстi деген едiңiз.

- Жоға, шақырғаным есiме түстi ғой. Бiрақ, не үшiн? Мәселе осында!

- Бiз алты айда алты қауiптi қылмыскерлермен атыстық.  Осы қақтығыста бiр камаз патрон жұмсадық.  Екi қапшық граната жардық. Отыз екi пышақ лақтырдық. Нәтижесiнде алты қылмыскердiң бесеуi тiрi қалып, бiреуi сеспей қатты.  Бiз оны өлген соң тұтқындап, қолына кiсен салдық.  Бiздiң жiгiттердiң небәры жетпiсi ғана қырылып қалды.  Негiзiнен полицейлердi садақпен қаруландырғым келедi. Патрон шығын болмайды.  Қауiптi қылмыскер қатар тұрса, бiр оқпен тыз-з еткiзiп атып алуға өте қолайлы.  Жебенiң ұшына тұз, ащы дәрi, уксус сеуiп қойып атса, жүдә жақсы.

- Мұның бәрiн неге айтып тұрсыз? Мен сiздi не үшiн шақырғанымды ендi есiме түсiрiп, сiздiң жiгiттердiң өте нашар жұмыс iстейтiнiне қапаланып отырмын.

- Неге?

- Неге дейдi ғой.  Сiзде, сiздiң полиция қызметкерлерiнде ар-ұят жоқ.  Обшым адам емессiздер.

- Бiздегнiң бәрi адамнан аумайды.

- Ендi есiме түстi! Сiздер әсiресе, мына сiз неге менiң ұлымды жазалауға неге бұйрық бермейсiз?  Алты айдың iшiнде алпыс адамды қағып кеттi.  Оның 59-ы тiрi қалып, бiреуi қайтыс болды.  Алты айдың iшiнде екi сиыр қағып кетiп, оның бiреуi реанимацияда өлдi.  Бұзауымен қоса.  Астында «Джип«, зулап келе жатып, МАИ қызметкерiн қағып кеткен. Артына қараса жоқ дейдi.  Сөйтсе, ол «Джиптiң« астына жабысып қалыпты. Не деген масқара! Неге жазалап бiр-екi күн уақытша қамап қоймайсыздар?

- Мыжеке... Алты айдың iшiнде...

- Доғарыңыз! Обшым полиция емессiңдер, менiң беделiме қарасаңдар, бiр күнi баламнан айырыламын ғой!

- Мыжеке, бiз ендi... Сiздi сыйлап...

- Немене сыйлап? Гүл әкелiп берейiн деп пе едiңiз? Тағы да қайталаймын, сiздер бар ғой, общым адам емессiздер! Менiң кiшi қызым бiр кiсiнi қылқындырып өлтiрген! Наркобизнестiң нәтижесi, неге ұстамайсың? Дiрiлдеп, қылтырап өлсiн дейсiң бе, әлде?

-Сiздiң тамырыңыз алысқа жайылған, қорқамыз.

-Немене, қорқатындай, мен бөжеймiн бе? Халық бiзден үлгi алсын! Күйеу баламның пистолетiн қашан тартып аласыңдар? Кеше кафеде екi жiгiттi атып кетiптi. Ұят қой, әбден еркiнсiп кеттiңдер. Әдейi селқос қарайсыңдар! Әжемнiң не iстегенiн бiлесiң бе? Әжем иномаркалардың қымбат магнитофондарын ұрлаумен айналысқан. Кәрi кемпiрдi намаз үстiнде ұстап алуға болады ғой!

-Әжеңiздiң мiнезi жаман, қарғайды...

-Қарғыстан қорықпаңыз! Әйелiмдi, Құдайым-ау, менiң әйелiмдi неге еркiнсiтiп жiбергенсiңдер?

-Ол кiсi не iстеп жүр?

-Бiреудiң кафесiн тартып алған. Жекеменшiк шаштаразыға шашын бұйралатып, ақшасын төлемей кеткен. Қылмыс қой! Қылмыспен күресу керек! Сенiң әйелiңмен қосылып алып, «разборка« жасайды екен!

-Не дейдi?

-Обшым адам емессiңдер! Халық бiзден қалай үлгi алады? балалар бақшасындағы немерем не бүлдiрдi дейсiң ғой? Бiр қызды зорламақ болған. Қыздың лыпасын шешiп алып, басына киiп алған. Тiлiн шығарған. Алты айда, алты айда деп, ақпар беруден жалықпайсыз. Келiнiм ше? Келiнiм СПИД жұқтырып келген! Ауыр қылмыс! Кеше асылып өлейiн дегенде, үйiне апарып тастадық. Жоқ, сiздер жұмыс iстемейсiздер! Бәрiн қамау керек. Сөйтiп қылмыс атаулыны саусақпен ғана санау керек! Естiп тұрмысыз? Сiз кiмсiз өзi?

-Мен бе? Мен обшым адам емеспiн,-деген Бас полицей күмiлжiп қалды. Басқа не дей қойсын?...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1523
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1149