Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4044 0 пікір 27 Ақпан, 2011 сағат 08:45

Ербақыт Амантайұлы. Мағжанның суретін Ленин құтқарып қалыпты

Мағжанның мұражайында Лениннің суреті неге тұр? Бұл сауалды ақын Мағжан Жұ­ма­баевтың туған ауылы Сарытомар­дағы мұражайға бас сұққан адамдардың көбі қояды. Сұрауға дәті бармағандары өздерінше топшылайды, «сол баяғы тірі жүрген коммунистердің ісі шығар» дейтіндер де бар. Шынымен де, қалалардағы тас мүсіндеріне дейін алынып тасталып жатқанда, поэзия пайғамбары атанған қазақ ақыны мұражайының қақ төрінде маңдайы жалтырап «күн көсемнің» тұруында не сыр бар?

Мағжан - дәл осы Ленин бастаған, ке­йін Сталин қостаған қатыгез саясаттың жа­зықсыз құрбандарының бірі. Оған «ха­лық жауы» деген жала жабылып, 1938 жылы атылып кеткені белгілі. Бірақ соңғы ке­здері ақын атылмапты, оны Сібірде Ба­уыржан Момышұлы көріпті-міс деген әңгімелер арагідік айтылып қалып жүр. Бұл басқа бір мақалаға өзек болмақ, біз­дің айтпағымыз - мұражайдағы Влади­мир Ле­ниннің суреті хақында.

Мағжанның мұражайында Лениннің суреті неге тұр? Бұл сауалды ақын Мағжан Жұ­ма­баевтың туған ауылы Сарытомар­дағы мұражайға бас сұққан адамдардың көбі қояды. Сұрауға дәті бармағандары өздерінше топшылайды, «сол баяғы тірі жүрген коммунистердің ісі шығар» дейтіндер де бар. Шынымен де, қалалардағы тас мүсіндеріне дейін алынып тасталып жатқанда, поэзия пайғамбары атанған қазақ ақыны мұражайының қақ төрінде маңдайы жалтырап «күн көсемнің» тұруында не сыр бар?

Мағжан - дәл осы Ленин бастаған, ке­йін Сталин қостаған қатыгез саясаттың жа­зықсыз құрбандарының бірі. Оған «ха­лық жауы» деген жала жабылып, 1938 жылы атылып кеткені белгілі. Бірақ соңғы ке­здері ақын атылмапты, оны Сібірде Ба­уыржан Момышұлы көріпті-міс деген әңгімелер арагідік айтылып қалып жүр. Бұл басқа бір мақалаға өзек болмақ, біз­дің айтпағымыз - мұражайдағы Влади­мир Ле­ниннің суреті хақында.

Мұражай директоры Айгүл Жүніс­бае­ваның айтуынша, пролетариат көсемінің су­реті мұражай соңғы рет күрделі жөн­деу­ден өткізілген кезде қойылған екен. Оның өзіндік сыры бар. Кезінде қанішерлер қа­зақтың қаймағы саналған азаматтардың жанын ғана алып қойған жоқ, мұраларын тү­гел жойып, тіпті бейнелерін де халықтың са­насынан жоғалтуды көздеді. Мағжанға айып тағылып, айдалып кеткен кез. Кезек туыс­тарына да келген. Жендеттер ағасы Әбе­мү­сілімнің үйін тінтуге кіріседі. Мағ­жан­ның қолжазбаларын, кітаптарын, тіпті су­реттеріне дейін түгел алып кетеді. Сол кез­де Әбемүсілім інісінің бір суретін төрде ілу­лі тұрған Лениннің портретінің артына ты­ға қояды.

Тінтушілер үйдің астаң-кесте­ңін шы­ғар­ғанымен, төрдегі көсемнің суре­тіне тиісе қоймайды.

Мағжанның сақталып қалған бұл шағын суреті Ленин портретінің таса­сында ұзақ жылдар бойы тұрады. Кейін көсемнің портреті ескіргеннен кейін алынып тасталыпты. Бірақ дәл сол рамаға Әбемүсілімнің ұлы Ғабділ­кә­рім мен зайыбы Гүлбарам Ғабдол­лақы­зының үлкейтілген суреті қойы­лады. Үй иелері әлгі суретті ерекше құр­мет тұт­қан. Оның шаңын сүрту, ілінген орнын ауыс­тыру жұмыстарын Гүлбарамның өзі ғана істейді екен. Суретке ешкімді жолатпаған. Оның себебі, Ленин алынып тасталғанымен, артында ты­ғулы тұрған аталары Мағжанның суреті сол қалпында қалдырылған, демек, суретті келінінің өзі ғана күтіп ұстауы қайын атасына көрсеткен құрметі шығар.

Ғабділкәрім мен Гүлбарам қайтыс болады, одан төрт қыз, екі ұл қалған. Балалары тығулы сурет туралы ештеңе білмеген. Ұлы Марат бірде ата-ана­сы­ның суретін түрлі-түстіге ауыстыру мақ­сатымен алған кезде артынан бейтаныс адам­ның суреті шыққан. Белгілі бол­ғандай, бұл ақын Мағжанның 1935-36 жылдары түскен суреті болатын. Сөйтіп, ақынның суреті Лениннің ар­қасында аман қалып, бүгінгі күнге де­йін жетті. Ал мұражайдағы Ленин пор­тре­ті Мағжанның бейнесін сақтап қалу үшін қойылған екен. Бірақ Ленин суреті түпнұсқа емес.

Тасболат БЕКЕНОВ, Мағжанның немере інісі:

- Мен Мағжанның інісі Сәлім­жан­­нан туғанмын. Шеше жағынан да туыс болып шығамыз. Менің ше­шем Бибізайып Жұмабайдың қызы Рә­зиядан туады. Марқұм шешем Мағ­жанның суреттері салынған бір аль­бомды тығып, сақтап жүретін. 1989 жылы ақын ақталған кезде жаз­ғыш журналистер көбейді ғой. Соның біреуі сұрап әкеткен, атын да білмеймін, кейін қайтарған жоқ. Шешем де дүниеден озды. Кім алғанын білмеген соң, іздеген де жоқпыз. Сондықтан Ленин портре­тінің артына тығылып сақ­талған суреті - қолымызда қалған жеке түскен жалғыз бейнесі.

Айгүл ЖҮНІСБАЕВА, Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры:

- Мұражайға келген кісілердің көзі расында бірден Ленинге түседі. Оқушылар да алдымен соны сұрай­ды. Бұл суреттің тарихын біреу біл­се, біреу біле бермейді. Біз Мағ­жан­ға «халық жауы» деп жала жа­уып, ұс­тап әкеткен кезде ағасы Әбемү­сі­лім оның суретін Владимир Ильичтің по­р­третінің артына тығып, аман сақ­тап қалғандығын тәптіштеп ай­ту­дан жалықпаймыз. Мұражай­да­ғы жәдігерлер саны да онша көп емес. 300-ге жуық қана. Бірақ әр­қай­­сы­сының маңызы зор. Мағ­жанның зайыбы Зылиха апамыз тап­сырған ескі құран, жай­на­мазы мен етігі де осында. Құнды жәдігер­лер­дің бірі - Мағжанның 1922 жы­лы жарық көрген «Педаго­ги­ка» кітабы мен 1923 жылы шыққан өлеңдер жинағы. Омбы мұғалімдер семина­рия­­сында оқып жүргендегі сынып­тан сыныпқа көшу хаттамасы да осын­да тұр.

Дерек: Сарытомардағы Мағжан Жұмабаевтың мұражайы 1989 жылы орта мектептің бір бөлмесінде ашылған екен. 1993 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында бөренеден төрт бөлмелі жаңа ғимарат салынып, соған көшкен. 115 жылдығын тойлардың алдында күрделі жөндеу жүргізілген. Қордағы жәдігерлер саны - 284.

Ербақыт Амантайұлы, Қызылжар

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1469
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125