Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3124 0 пікір 26 Ақпан, 2011 сағат 08:19

Әкім өрттің салдарынан баспанасыз қалған отбасына үй берді - Қызылордада

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше  облыс әкімі Болатбек Қуандықов жақында  тілсіз жау - өрттен аман қалған Қыстаубаевтардың бүлдіршіндері жатқан облыстық балалар ауруханасында болып, олардың жағдайымен танысты.

Алапат жалын кезінде бауырларын оттан құтқарған осы отбасының ортаншы қызы Динараның ерлігіне тәнті болған аймақ басшысы бұл отбасына қала орталығынан үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді.

Бұл оқиға ақпанның жиырмасы күні Сабалақ саяжайында түнгі он шамасында орын алады. Отағасы Жаңбырбай мен жұбайы Мирамкүл жұмыссыз. Саяжайдағы пәтерді уақытша жалға алған. Ата-анасы оқиға орын алатын күні отын сатуға кеткен. Үйде төрт бірдей бүлдіршін ұйқыда болған. Ауызғы бөлмедегі өртті көрген екінші қыз Динара Оңдасын алдымен 11 жастағы Майраны оятады. Терезені сындырған ол бестегі Жасминді, сосын үш айлық сіңлісі Айсананы отқа оранған үйден аман-есен алып шығады.

Бүгінде анасымен бірге облыстық ауруханада ем алып жатқан кішкентайлардың жағдайы бір қалыпты. Олардың халін білуге барған облыс әкімі оларды сый- сыяпаттан кенде қалдырмады. Тәттілер мен жұмсақ ойыншықтарды ала келген ол ерлік жасаған Динараға алғысын білдірді.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасы бастығына Динараның атына бір банктен есепшот ашуды тапсырды. Оның алғашқы салымшысы өзі болатынын да жеткізді. Тасбөгет кентіндегі №176 мектепте оқитын бүлдіршіннің болашағы үшін жиналатын қор болуға тиіс екендігін де айтты. Отағасын мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етуді де облыс әкімі өз мойнына алды. Ал бір апта ішінде   үш бөлмелі үйдің кілті Қыстаубаевтар отбасына салтанатты жағдайда табысталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126