Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
4799 5 пікір 20 Шілде, 2018 сағат 10:30

Денис Теннің өліміне қатысы бар делінген күдікті ұсталды

Алматыда Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, ол қылмысын толық мойындаған. Ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Қазір Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) іздестіріліп жатыр.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арықтау келген. Үстінде қара жейде, сұр түсті джинс, қара түсті аяқкиім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік киіп алған.

Ішкі істер министрілігінің өкілдері қандай да бір мәлімет білетіндерден Алматы қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 401
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 219
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 240
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 231