Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4242 0 пікір 26 Ақпан, 2011 сағат 07:37

Нұрила Бектемірова. Қазақ кітап оқи ма?

Оқымайды деуге де болады. Соңғы 15 жылда кітап оқу барысы төмендеп кеткен. Зерттелген мәлімет бойынша халықтың 17%-ы ғана кітапты қатты қызығып, оқумен айналысады екен. Ал, студенттер, қызметкерлер, оқушылар қажетіне қарай білімдерін кеңейту барысында оқулықтарды қолға алса, ал қалған халықтың 12%-ы кітап оқуға ұмтылыс жасап, қызықпайтындар қатарына жатады. Мұндай бағыттардың әр қилы түсініктері бар, көпшілігі уақыттың жоқтығын сылтау етсе, баз біреулері дүкендердегі әдеби кітаптарды сатып алуға қалта көтермейтінін, кейбіреулері қазақ тілінде шығарылып жатқан әдеби шығармалардың сапасының төмендігін алға тартады.

Оқымайды деуге де болады. Соңғы 15 жылда кітап оқу барысы төмендеп кеткен. Зерттелген мәлімет бойынша халықтың 17%-ы ғана кітапты қатты қызығып, оқумен айналысады екен. Ал, студенттер, қызметкерлер, оқушылар қажетіне қарай білімдерін кеңейту барысында оқулықтарды қолға алса, ал қалған халықтың 12%-ы кітап оқуға ұмтылыс жасап, қызықпайтындар қатарына жатады. Мұндай бағыттардың әр қилы түсініктері бар, көпшілігі уақыттың жоқтығын сылтау етсе, баз біреулері дүкендердегі әдеби кітаптарды сатып алуға қалта көтермейтінін, кейбіреулері қазақ тілінде шығарылып жатқан әдеби шығармалардың сапасының төмендігін алға тартады.

Бүгінгі қазақ жастарының кітап оқуға деген қызығушылығының төмендеуін ғалымдар масс-медианың дамуымен байланыстырады. Бірақ, неғылса да жаңа ғана атап кеткен халықтың кітапты үзбей оқитын бөлігі 17% -ды құрайтын жастар екенін мойындамасқа болмайды.Қазіргі кезде электронды ақпараттың озық үлгісі тұрмысымызға кеңінен енгізілді. Енді бұрынғыдай кітапха-наға жүгірмейміз.Білім бұлағымен сусындайтын студенттерге қажетті оқулықтардың көпшілігінің электрондық нұсқасы бар. Ал, енді ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда әлемде 1 млрд.700 мың жан көпшілікке арналған кітапханалардың қызметін пайдаланатын көрінеді. Яғни, жер бетінің әрбір үшінші адамы оқырман. Маркетологтардың мәліметін негізге алсақ, әлем бойынша ең көп кітап оқитын елдердің бірі жапондар болып шыққан. Олардың дүкендеріне бір жылда 25 мыңнан астам кітап сатуға түседі екен. Әрбір жапондыққа 11 кітаптан келеді. Бұл күн шығыс елінде бірнеше мыңнан астам баспа үйі бар, жылына шамамен 500 миллион дана кітап өнімдерін шығарып отырады екен. Егерде жаңа технологияның барлық түрі осы бір елде ойлап табылып, жасап шығарылып, өзге де өркениетті елдерге таратылатынын ескерсек, жапондықтардың кітапқұмарлығына сүйсінбеске шараң жоқ. Олар қолына кітап алып, оқуды мәдениеттіліктің негізгі түріне айналдырған. Қазіргі кезде әлемнің ғалымдары мен дәрігер психологтары кітапты көп оқыған адамның ойлау қабілеті, ақылы да, мәдениеті де жоғары болатынын дәлелдеп отыр. Біздің замандастарымыз өткен ғасырдың 60-70 жылдары кітаптан алған тәлім-тәрбие ықпалымен ержеткенін айтқым келеді. Әсіресі, «Менің атым - Қожа», «Тимур және оның командасы», «Ескі қорған», «Тар жол, тайғақ кешу» және толып жатқан әдеби шығармаларды оқушы кезімізде қолдан-қолға тигізбей оқитынбыз. Ой-өрісіңді кеңейтіп, талғамыңды ұлғайтып, ойлау қабілетіңді дамытатын, ақылыңа ақыл қосатын, жан азығың да бола білетін кітап екенін айтқым келеді. Адамның білімді болуы өзіне байланысты, ас ішіп, аяқ босатып,төбеге қарап жата беруге де болады. Немесе өзіңнің жан дүниеңді еріксіз алдап-арбап алатын теледидардың да шырмауына оралуыңа болады. Байлық пен ақшақұмарлық та жаныңа жат емес шығар. Бірақ, мына айналмалы дүниеде бір мезгіл уақыт тауып қолыңа кітап алып, үңіліп оқысаң, талай құнды дүниенің сырына қанық болатының айдан анық. Жуырда мен бір сот жүйесі қызметкерлері арасында өткізілген Абайтану кешінде болдым. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де сол жерге жиналған жастардың көпшілігі бірақ, ұлы Абай атына сырттай қанық болғанымен, өлеңдерін бірінші рет естіген болып шықты. Тура өздерін сөз құдіреті сиқырлап тастағандай өлеңнің әдемі әлемін аралап кеткендей әсерде болды. Ақын құдіреті, өлең құдіреті алдында бас имеске шараң жоқ.

Өткен қараша айында ақын, Алаш сыйлығының иегері Зайда Елғондинованың өлең кеші өтті. Белгілі өнер қайраткері Болат Атабаевтың жетекшілік ететін театрдың жастары ақын қыздың өлеңдерін мәнерлеп сахнадан оқыды. Көріп, естіп отырған кеш қонақтарының өлеңнен алған әсерлерін тілмен жеткізе алмайтын шығармын. Кейбір адамдардың көзінде мөлдіреген жас тамшылары тұрды. Ал, осыдан кейін жазушы, ақындар, олардың кітаптары керек емес деп кім айта алар екен? Біздің қазақтың басты бір кемшіліктері - кітап оқымаймыз, мойнымыз жар бермейді. Қара суды жер алдырып, анау жоқ, мынау жоқ деп мұң шағуға бейімделіп алғанбыз. Ал, сана-сезіміңді оятар, біліміңді жетілдірер кітап оқуға келгенде енжармыз. Ең ақыры қазақтарға арналған басылымдарға жазылып, оқыңдар деген ұсынысқа таумен таласып, шыңмен күрескендей күй кешетін мемлекеттік қызметкерлерді де көзіміз ұяла-ұяла көріп жүр. Кітап оқымасақ, газет оқымасақ, күнбе-күн өмір жаңалықтарын білмесек, сараптамасақ, қалайша білімімізді,білгірлігімізді, мәдениеттілігімізді арттырамыз? ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз деп шіренеміз келіп, ал қандай уақытта болсын, қандай заманда болсын, қазыналы кітапсыз бірде-бір өркениетті ел болмайды. Оған мысал, кітап басу ісі бойынша көшті Ұлыбритания бастаса, екінші орында Германия, үшінші орында Америка келеді екен. Осындай алдыңғы қатарлы елдердің халқы кітапқа деген зор сұранысының арқасында баспалар толассыз жұмыс істеп жатыр. Олар өздерінің білетіндерін, білімдерін күні-түні толықтырып, уақыт көшінен қалмай жүруді мәдениеттілік деп санайды.Тіпті адам басына түскен қиын-қыстау сәттерде де қатты күйзелістен, қамығудан шығудың бірден-бір ыңғайлы жолы кітап оқумен айналысу қажет екенін дәрігер-психологтар тәжірибе ретінде жұмыс жүргізгенде, оң нәтижесін бергенін айтады.Сондықтан кітап оқуды жетілдіру, әдеби шығармаларды оқу әрбір мәдениеттімін деген қазақтың әдетіне айналуға тиіс. Кітаптың тарихи мұра, асыл қазына екенін ұмытпайық.

«Қазақстан Заман» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1053
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 785
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 908