Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3016 1 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 16:13

«Нұр Отан» мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету ісіне ерекше екпін бермек

«Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан әрі жандандырып, тиімділігін арттыра түсуде. Жобаны жүзеге асыру барысында партия нақты төрт басымдыққа ерекше назар аударатын болады.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінде шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін талқылаған арнайы жиында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Атап айтсақ, партия біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта қалыптастыруға, екіншіден, олардың инклюзивті білім алуларына ықпал етуге, үшіншіден, жұмысқа орналасуларына қолдау көрсетуге және төртіншіден, осы салаға қатысты заңнамаларды одан әрі жетілдіруге ерекше мән бермекші. Осылайша партия құр статистика үшін емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға нақты көмек көрсетуді көздеп отыр.

Өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының алдымызға ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты міндет етіп қойғанына назар аударып, мұндай мақсатқа қол жеткізу тек экономикамен ғана өлшенбейтінін айтты. Сонымен бірге тиімді әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуі де бұл мәселеде басты талаптардың бірі болып саналады.

– Әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосылу мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға жасап отырған жағдайын, яғни тиісті жоғары стандарттар мен инфрақұрылымдарды да қарастырады. Егер ондай азаматтардың қоғамға бейімделуіне, сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына тиісті жағдай жасалмаған болса, ол елді дамыған деп айту қиын. Себебі, дәл осындай көрсеткіштер елдің даму деңгейін анықтауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев осы бағытта елордада атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап берді. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек комитеті, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Сәуле Егембаева мен Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев те көтерілген мәселе бойынша істелген жұмыстарға тоқталып өтті.

Бұдан басқа, жиын барысында «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» атқарушы директоры Мәдина Ибрагимова, «ДОС» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Қарлығаш Танабекова, «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы Алмаз Ержан және тағы басқа белсенді азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661