Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3239 0 пікір 25 Ақпан, 2011 сағат 06:00

Парламент ҚР үкіметі мен БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - ҚР парламент сенатының депутаттары жұма күні алқа отырысында «ҚР үкіметі мен Біріккен ұлттыр ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы (БҰҰ БЖКБ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациясы туралы» заңды қабылдады.

Келісімге 2007 жылдың қарашасында Астанада қол қойылды.

«Келісімде БҰҰ БЖКБ өз мандаты шеңберінде үкіметпен ынтымақтастық жасайтын, елімізде өкілдік ашатын және өз құзырына кіретін босқындар мен басқа тұлғаларға халықаралық қорғау мен гуманитарлық көмек беру бойынша өз функцияларын жүзеге асыратын басты шарттар жазылған», - деп мәлім еткен бұрындары депутаттарға заң жобасын таныстырған сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай.

Оның мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда 600-ден аса босқын тіркелген.

«Оның 597-сі Ауғанстаннан келген. Олардың негізгі бөлігі Алматыда шоғырланған, сондықтан Жоғарғы комиссардың кеңсесі осы қалада орналасқан және аймақтық мәртебесі бар, яғни, барлық орталықазиялық республикаларды қамтиды», - деді Қ. Сарыбай депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Мәжілістің салалық комитетінің мәліметтерінше, келісімге сәйкес үкімет басқармамен уағдаластық бойынша БҰҰ БЖКБ лауазымды тұлғаларын, іссапардағы сарапшыларын және осы ұйымның атынан қызмет көрсететін тұлғаларды оларға аталған келісімнің аясында жүргізілетін жобалар мен операцияларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін ережелер мен нормалардан босату үшін қажет шараларды қабылдайды.

Мұндай шараларға байланыс құралдарымен қамтамасыз ету, әуе қатынасына және әуе кемесін қондыру үшін салық төлеуден, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, босқындар мен басқарманың қызметкерлерін тасымалдау бойынша ҚР-дың салық заңнамасына сәйкес алынатын алымдардан босату құқығын беру жатады.

Үкімет БҰҰ БЖКБ-ға, оның мүлкіне, қаржысы мен активтеріне және оның лауазымды тұлғаларына, іссапардағы сарапшыларына 1946 жылдың 13 ақпанындағы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенциясының сәйкес баптарын қолданады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 576
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 308
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 318
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 329