Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3050 0 пікір 25 Ақпан, 2011 сағат 05:57

Парламент азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - ҚР парламенті сенатының депутаттары жұма күні пленарлық отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң бойынша келісу комиссиясының ұсыныстарымен келісті. Осылайша, заң қабылданды деп есептеледі және мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Сенаттың заң шығару және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында айтылғандай, «жеке меншік институтын және келісімшарт қатынастарын нығайту мақсатында заң жобасымен келісімшарттың заңсыздығына, кепілдендірілген салым енгізу, экипажсыз көлік құралын жалға алу келісіміне қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі».

Сондай-ақ, заңмен жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу, заңды тұлғаның мүліктік емес құқықтарын бұзғаны үшін моральдық залалды өндіріп алуға жол бермеуге бағытталған түзетулер енгізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 541
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 307