Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3486 5 пікір 13 Шілде, 2018 сағат 04:17

НАТО: "Ресейдің агрессивті әрекеттері қауіпсіздікті бұзып отыр

Ресейдің агрессивті әрекеттері еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздікті және халықаралық тәртіпті бұзып жатыр. Бұл туралы сәрсенбіде Брюссельде қабылданған Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 29 елдің лидерлері бірлесіп жасаған декларцияда айтылған.

Құжатта Ресейдің Қырымды аннексиялауы, Украина шығысындағы тұрақсыздық, НАТО елдеріне жақын шекараға әскери техникаларын орналастыру және сайлауға араласу әрекеттері аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр деп айтылған. Сонымен бірге Британия шешіміне сәйкес, Солсберидің улануының артында да Ресей тұр деп біледі.

Декларацияда Ресейден Грузия, Молдавия және Украина аймағынан әскерін шығаруды, Украинаның Шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетуді және Минск келісімін орындауды талап етеді. Соған қарамастан НАТО елдері егер Ресей пиғылын өзгертетін болса, қарым-қатынасты жақсартып, Мәскеумен диалогқа келуге дайын екенін жеткізген.

Құжатта сонымен бірге НАТО елдерінің қорғаныс шығынын арттыруға талпынысы бар екені, кемінде жалпы ішкі өнімнің екі пайызын жұмсауға ниетті екені айтылған. АҚШ президенті Дональд Трамп одақтастарын қорғаныс саласына бөлінетін қаржыға қатысты сынап келген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 253
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 124
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 119
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 101