Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 24 Ақпан, 2011 сағат 02:53

Гүлнұр Айдаш. Тілсынақ па, заңсынақ па?

Сайлау науқаны басталды. Бірақ қызық жайттың болып жатқанын біреу білсе, біреу білмей отыр. Оны аңдағандардың бірі - «Жас қазақ үні» газеті. Алайда, оның нені аңдамай отырғанына көшейік.

Кандидаттар Линком (Лингивистикалық коммиссия) аталатын ОСК алқасына құлдық ұрып, қазақ тілінен сынақ тапсырып жатыр. Бұл қаншалықты заңды? Біріншіден, «мемлекеттік тілді еркін меңгеру» ұғымы заң жүзінде айқындалмаған талап. Олар Сайлау туралы конституциялық заң мен ОСК-ның кейбір қаулыларында жүргенімен, заңдарда қолданылатын ұғымдар ретінде басы ашылып, айқындалмаған беймәлім әрі заңнан тыс ұғым. «Мемлекеттік тілді еркін меңгерген» адамның меңгермеген адамнан айырмасы қандай? Нан сұрай алу ма, сол тілде ұрса алатын, балағаттай алатын адам ба? Баяндама жасай алса жете ме, жұрттың алдында шешен сөйлеу керек пе, әлде диктанттан бес алу керек пе? Қай сынақ түрінен (диктант, шығарма, ауызекі сөйлеу т.т.) табалдырық қатесі қандай, қанша екенін ешкім де, ОСК Линкомы да білмейді!

Сайлау науқаны басталды. Бірақ қызық жайттың болып жатқанын біреу білсе, біреу білмей отыр. Оны аңдағандардың бірі - «Жас қазақ үні» газеті. Алайда, оның нені аңдамай отырғанына көшейік.

Кандидаттар Линком (Лингивистикалық коммиссия) аталатын ОСК алқасына құлдық ұрып, қазақ тілінен сынақ тапсырып жатыр. Бұл қаншалықты заңды? Біріншіден, «мемлекеттік тілді еркін меңгеру» ұғымы заң жүзінде айқындалмаған талап. Олар Сайлау туралы конституциялық заң мен ОСК-ның кейбір қаулыларында жүргенімен, заңдарда қолданылатын ұғымдар ретінде басы ашылып, айқындалмаған беймәлім әрі заңнан тыс ұғым. «Мемлекеттік тілді еркін меңгерген» адамның меңгермеген адамнан айырмасы қандай? Нан сұрай алу ма, сол тілде ұрса алатын, балағаттай алатын адам ба? Баяндама жасай алса жете ме, жұрттың алдында шешен сөйлеу керек пе, әлде диктанттан бес алу керек пе? Қай сынақ түрінен (диктант, шығарма, ауызекі сөйлеу т.т.) табалдырық қатесі қандай, қанша екенін ешкім де, ОСК Линкомы да білмейді!

Екіншіден, аталмыш Линкомның заңнама жүзінде сынақ жүргізуге құзыры айқындалмаған, қандай талап қойып, қандай қорытынды шығаратын, кандидаттарды қалай сынайтыны ешкімге де беймәлім. Олар кандидаттарды кіргізіп алып, сабай ма, шай бере ме, ертегі айта ма, ауызындағы тісін санай ма - белгісіз! Себебі,Линком мүшелерінің өздері де  тілді меңгеру талабын білмейді, оларға меңгеру құралы мен өлшемі берілмеген.

Заңнамадан іздестіргенімізде тапқанымыз: ОСКның төмендегі екі қаулысы ғана болды, онда Линкомға қатысты тек қана оның құрамы бекітілген, ал Линкомның жұмыс режимі мен тәртібін, процедурасын белгілеген ереже жоқ болып шықты!

Конституционный Закон Республики Казахстан от 28 сентября 1995 г.

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды

қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2, 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес

белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн

азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты

ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден

бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте Президентке кандидаттың Қазақстан

Республикасында соңғы он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк

тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына

ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.

3. Алып тасталды - ҚР 2004 ж. 14 сәуірдегі № 545-II Конституциялық заңымен.

________

№ 2464 Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 17-18, ст. 114

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы (бұдан әрі - лингвистикалық комиссияның құрамы) осы қаулыға қосымшаға сай редакцияда жазылсын.
2. Лингвистикалық комиссияның құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.


Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 07 ақпан
№ 17/25

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25   қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың

мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы

 

1.

Жолдасбеков

Мырзатай Жолдасбекұлы

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, Түрік әлемі ақсақалдары кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);

 

2.

Қамзабекұлы

Дихан

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша);

 

3.

Қасқабасов

Сейіт Асқарұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша);

 

4.

Құрманбайұлы

Шерубай

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);

 

5.

Оразбаева

Фаузия Шәмсиқызы

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша).

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 41-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, «Қазақстан Республикасының Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 8-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін           анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

  1. Айтбайұлы Өмірзақ - Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
  2. Қамзабекұлы Дихан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
  3. Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
  4. Рымғали Нұрғали - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық  ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша);

2. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін           анықтаудың рәсімін бекіту және лингвистикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан           Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1998 жылғы 12 қазандағы № 46/131 қаулысының           күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков

Астана қ. 31 тамыз 2005 ж.
№ 12/25

Үшіншіден, жалпы, қазақ тілін меңгеруді бағалаудың Қазақстанда бір ғана заңды құралы бар екені ескерілмеген. Сол құралды Сайлау туралы заңдамаға икемдеу қарастырылмаған!  Ол құрал - ҚазТЕСТ жүйесі. Демек, осы сайман арқылы президентке кандидаттар да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін сарапқа салуы керек еді де соңғы қорытындыны әлгі «Линком» айтуы қажет болатын.

 

ҚазТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N835 Қаулысымен бекітілген

1.3. ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы және оның жай-күйі

ҚАЗТЕСТ жүйесі - Қазақстан азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырушы шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.

Төртіншіден, «Лингвистикалық комиссия» атауындағы алғашқы сөз тіл білімі туралы ғылымға ғана қатысты болғандықтан, адамның тілді меңгеруіне қатыссыз, сол себепті, комиссия атауы да айқындауды қажет етеді. Мұндай комиссия құрған күннің өзінде ол «Мемлекеттік тілді меңгеру сынағы жөніндегі комиссия» аталуы керек еді.

Бесіншіден, тілді меңгеру шарттары мен талаптары ғылымға негізделген (бес адамның біріккен әрекетіне емес) өлшеуіштермен айқындалуы қажет болатын және ол адамдық факторға емес, уақыт талабын қанағаттандыратын тесттік талаптармен жүзеге асып, нәтижені бекіту ғана әлгі комиссия құзырына берілуі керек еді.

Алтыншыдан, мемлекеттік тілді еркін меңгеруді сынау үдерісінің нақтыланбағаны мен ұйымдастырудың икемсіздігі сондай, күніге үш адамды ғана сынақтан өткізу мүмкіндігі бар болып шықты. Егер де, оппозициялық күштер қол қусырып қарап отырмай, әрбір өңірден ондаған адамды ұйымдастырып, үміткерлер санын тоқсанға жеткізгенде, онда Тілсынақ кемінде бір ай бойғы науқанға айналар еді де, ОСК масқара болар еді!

Жетіншіден, қорыта келгенде, аталмыш Сайлау науқаны заңдық казустар мен  күрделі жағдайларға толы жағдайда басталып отыр. Егер де кандидаттар немесе сайлаушылар Мемлекеттік тілді меңгеру сынағының жөнсіздігін алға тартып, сотта қаралатын болса, әділдігі сол - бұл сынақ заңсыз және аталмыш үдерісті қайтадан жүргізетіндей құқықтық казус алдан шықпақ! Бұл әрине, әңгіменің басқа жағы.

Гүлнұр Айдаш, заңгер

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587