Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 40269 11 пікір 10 Шілде, 2018 сағат 12:03

Бурабай туралы аңыз

Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері.

Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.

Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады.

Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.

Әсел Қаржаубайдың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Abai.kz

11 пікір