Сенбі, 27 Сәуір 2024
3249 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 13:06

Өзбекстан: Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы ақшасын қайтару жөнінде келіссөз жүріп жатыр

Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнәр Каримоваға тиесілі Швейцарияда бұғатталған ақшаны елге қайтару үшін келіссөз жүргізіп жатқанын растады.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Сурайё Рахманова жергілікті БАҚ-қа келіссөздер әлі аяқталмағанын хабарлады.

«Бұл мәселе қазір Швейцария прокуратура өкілдерімен бірлесіп шешіліп жатыр. Шешім нақты қабылданған жағдайда, біз ресми мәлімдейтін боламыз», – деді Сурайё Рахманова.

Өзбекстан билігі Гүлнәр Каримованың қазіргі жағдайы туралы соңғы рет былтыр, 28 шілдеде жариялаған. Бұл мәліметке қарағанда, Ташкент соты 2015 жылдың тамыз айында Каримованы "салықтан жалтарды, офшорлы компаниялардың құжаттарын жойып жіберді" деген айыптармен 5 жылға соттаған.

Осыған дейін Гүлнәр Каримованың адвокаттары 21-22 маусымда онымен кездескенін жариялаған.

Швейцария банкінде Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға тиесілі деген ақшаның көлемі 810 миллион АҚШ доллары (800 миллион швейцар франкі) шамасында. 18 маусымда швейцариялық ақпарат құралдары прокуратура 800 миллион франктің 686.7 миллионын тез арада Ташкентке қайтару жөнінде ордер бергенін хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір