Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 6368 0 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:20

Тігін машинасы

Атама тұрмысқа шыққанда енем Қаршыға тігін машинасын бірге алып келген екен. 45 жылдан бері сыр бермеген, бір сынбаған. Осындай қара машина әр үйдің бір бұрышында тұрған шығар.

Америкалық жазушы, өнертапқыш Исаак Зингердің 1870 жылы ойлап тапқан туындысы. Патшалық Ресей 1900 жылы Зингердің машинасының құрал-жабдықтарының бөлшектерін құрастыратын шеберхана ашады. Подольскіде тігін машинасы шығарыла бастады. Кейін КСРО зауыт ашып, қазақ қыз-келіншектерінің қолын ұзартқан ғой.

Бүгін тігін машинаның шыққан жылын іздеп, әрі-бері төңкеріп таппадық. 1973 жылдары Алматы мақта-мата комбинатында істеген әйел енеме сыйлаған. Көне машина болса да, әлі істеп тұр. Бүгін енем ұлының шалбарының балағын қайырып тігіп берді. Менің де жаңа киімімнің артықтау жерін зың-зың етті.

Енемнің қолы алтын. Өзі тың. Жүз жасасын.

Жазира Бегалының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір