Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 3348 1 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:13

Біздің елде комментаторларды дайындайтын мүлдем оқу орны жоқ

Қазақ комментаторларын әбден жерден алып жерге салып жатырмыз ғой. Бірақ біздің елде комментаторларды дайындайтын мүлдем оқу орны жоқ.

Журфак барлық қалада дерлік бар, бірақ бірде-бірі спорт комментаторларын даярламайды. Біз сынап жүрген жас жігіттердің ешбірі арнайы спорт комментаторы деген диплом алмаған, оқуын оқымаған. Бірақ әйтеуір талпынып жүр.

Ең болмаса осы Қазспорттың, Қазақстан телеканалының жанынан оқу курстарын ашуға болады, 2-3 ай оқытса әжептеуір төселіп шығар еді. Бірақ не кедергі екенін білмеймін. Үйренем, болам деп жүрген 3-4 қазақтың бетін қақпаңыздар, ертең ізденуге де құлықсыз боп қалады.

(Жазғандарымның Асxат Сағынайға қатысы жоқ).

Серғали Балажанның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір