Сенбі, 4 Мамыр 2024
3337 1 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 11:43

Қырғызстанда алтын кенін жабуды талап еткен митинг өтті

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданындағы Иштамберди кенін жабуды талап еткен митинг өтті. Бұл жөнінде Ала-Бука ауданының әкімі Эмилбек Абдыкадыр мәлімдеді.

Оның сөзінше, көтерілген халық Жалал-Абад облысындағы үкімет өкілі Кыянбек Сатыбалдиевпен кездескен.

Жергілікті тұрғын Бекжан Станбековтің хабарлауынша, митингке шыққан 200-300 адам компанияның заңсыз жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген. Олар компания қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіріп жатыр деп тұрғындарға өтемақы төлеуді талап еткен.

Наразы халық біздің талабымыз билікке жетпей жатыр дейді. Үкімет өкілі Сатыбалдиев болса, Бішкектен арнайы мамандар келіп, халықпен кездеседі деп уәде берді.

Бұл алтын шығаратын кенде «Фулд Голд Майнинг» қытай компаниясы жұмыс істейді. Компания бес мың халқы бар ауылдың 600 адамын жұмысқа тартқан.

11 сәуірде Жалал-Абадтың Тогуз-Торо ауданында "Жи Эл Макмал Девелопинг" компаниясына қарсы жергілікті тұрғындар бас көтерген. Ол кезде наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласып, компания ғимараты өртеніп, милиция қызметкерлерінің соққыға жығылғаны хабарланған.

Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, митингке шыққандардың ішінен 15 адам қамалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1204
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1095
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 972