Сенбі, 4 Мамыр 2024
Деп жатыр 11217 11 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 09:09

Құл-Керім Елемес. Қазақ елі неге үнсіз?

Қытай - өзіндегі қазақты тұтас күйінде қорлап, ерін - қор, әйел-қызын - қатын, тілін - тұл, ділін - күл етіп, күллі халықты қара дүз қылмыскер етеді екен де, мұндағы қазақпен дос болмақшы-мыс. Не деген достық бұл?

Қытай қазағының қазіргі жан түршігерлік ауыр хәлі жалпы қазақтың да хәлі. Олардың басындағы ауыр іске ара тусуге жарамау қазіргі ел билігінің мүшкіл жайын немесе мемлекеттің негізгі ұлтына тән аса маңызды істерге мүлде қам-харекетсіз (бей-шара) екенін көрсетеді. Бұл істі бұдан былай да осы күйінде қалдыру биліктен ел көргісі келген біліктілігі мен беделінен айырады…

ОЯН, ЕЙ, ҚАЗАҚ ЕЛІ, ОЯН!…

Қорлаушылар олқаңа қол салуда…

БІЗ ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІКТЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ХӘЛІМЕН СЫНАЛУДАМЫЗ…

Қазаққа қазақ шынымен керек болмай қалды ма?

Неге үнсізбіз?

БІЗДЕ ЗИЯЛЫ БАР МА?

Зиялы дінін, ұлтын сүйген тұлға-дүр. Зиялылық сол екі қасиетті ұлықтаумен тұлғаланады.

Демек, бізде бұл тұрпаттағы зиялы жоқ…

ПАНА ІЗДЕГЕН ТОРҒАЙЫҢА ПАНА БОЛ…

Қандасыңды (Сайрагүл Сауытбайқызын) қайтарма (өлімге байлап берме), оу, Қазақиям! Ол сені «бар» деп, сені пана тұтып келді. Оны қайтарсаң ондағы күллі қазақтың тауын шағасың! Үмітін үзесің! Тілеуін кесесің! Сенімін жоясың! Сөйтіп олар сенен бет бұрады. Саған кері тілек айтады…

«Мазұлымның (зұлымдық көрушінің) дұғасы қабыл» — деген.

Жіберме оны…

Ондағы қандасың Иесі бар екенін көрсін!

Үміті жансын!

Жігері қайралсын!

Рухы дүзденсін!…

Сөйт!

Тектесіңе ие бол!

Солай ету елдік, қандастық қақың, ей, Қазақиям!

Қарының ашса ашсын, қадірің қашпасын! Кесімсіздік қазақтың ұлттық мінезіне жат…

«Қырық жыл атан болғанша, бір күн бура болу» — ұлтымыздың ежелгі ұлттық ұстанымы.

Қазақ осы ұстанымымен бүгінге жетті.

Оны ертеңіне — болашағына жеткізетін де осы ұстанымы, Иншаллаһ…

Құл-Керім Елемес

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 899
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 756