Сенбі, 4 Мамыр 2024
Тура жол 5808 13 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:14

Дүмшелер бізге "Құранды тағы да оқы - барлық ілім Құранда" деп түсіндіруге тырысып бағуда

Қазір бізге осы сөздің мағынасын дұрыс түсіндірмейді. Әуел баста ол басқаша қабылданған:
1. Құранды оқу арқылы сауат, яғни сана көзін аш - алдымен Құдыреттің бар екенін біл!
2. Ғылым мен ілімді меңгеру арқылы Құдыреттің жаратылысын (табиғатты) меңгер - оның қуатын сезін, ұқ!
3. Адамзат даналығын оқу арқылы, Құдыреттің адамды "өзі-тектес" етіп жаратқанын сезініп - Оған ұқсауға, кемелденуге өзіңе жол сал!

Ал, бүгінгі дүмшелер бізге "Құранды оқы, оны және оқы, Құранды тағы да оқы - барлық ілім Құранда" деп түсіндіруге тырысып бағуда... Одан ары баруға шақырмайды...

Олар, арабтардың ислам дінін қабылдағаннан кейін, олардың алдымен әлемдегі барлық ілімді (математика, жаратылыстану) араб тіліне, содан кейін философияны (адамзат даналығын) араб тіліне не себептен аударғанын білмейді!

Шын мәнісінде, адамзат дамуының (өркениетінің) бір белдеуі аталатын әйгілі араб өркениеті "оқы, оқы және оқы" дегенді осы - "Жаратушыны мойындап, оның жаратылысын таны, Жаратылысқа ұқсап және жаратылыспен бірге кемелден" деген мағынада қабылдаудың арқасында пайда болған!

(Мәселені осылай қойғанда - "құл" ұғымы - "кемел адам" ұғымымен, "құлшылық" - "адам жаратылысының кемелденуі" ұғымымен алмасады екен.... (профессор Г.Нұрышевада "асқақ" категорясы).  Егер осыны бақша өсіруші БАҒБАН тілімен айтсақ:
- Адам - Құдайдың сепкен дәні. Дән өсіп мәуелі ағашқа айналып, гүлдейді, жемісін береді...  Яғни, бұл - адам өмірінің мағынасы, жалпы, адам болмысы тек "құлшылықпен", "құл болумен" шектелу емес, "үздіксіз кемелденуде" жатыр дегенді білдіреді.

(Адам Жаратушының "өзі тектес жаратылысы" болған соң - басқаша болуы мүмкін бе?!)

Сондықтан қазіргі "100 ОҚУЛЫҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ" жобасы болашақтағы "Қазақ өркениетінің" бастауы болуы да ғажап емес!!!

Алайда 26 жыл уақытқа кешігіп жатырмыз!....

Әбдірашит Бәкірұлы,

философ

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1226
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1123
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 863
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1004