Сенбі, 4 Мамыр 2024
2962 4 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 10:07

Қазақстан өзбекстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлді

Қазақстан Өзбекстанның мектеп түлектеріне жоғары оқу орнына түсу үшін 10 мың грант бөлді деп хабарлайды "Халық сөзі" порталы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті шешімі Самарқанда өткен Қазақстанның білім күндерінде жарияланған.

Өзбекстанның талапкерлері Қазақстанның 30-ға жуық түрлі университет, институт және академияда жеңілдікпен экономикалық, техникалық, медициналық және гуманитарлық салада жоғары білім ала алады.

Мұнан бөлек екі елдің жоғары білім дипломын өзара мойындау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқандығы да хабарланған.

Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы өтіп жатыр.

Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасында барлық салада қарым-қатынас кеңінен дамып келеді. Бір жылдың ішінде екі елдің арасында 62 млн доллар болатын сегіз инвестициялық құжатқа қол қойылған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1076
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 966
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 817