Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3309 6 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 10:04

Иранның рухани көсемі Еуроодаққа ядролық шартқа қатысты ультиматум қойды

In this picture released by official website of the office of the Iranian supreme leader, Supreme Leader Ayatollah Ali Khamenei attends a meeting with a group of school teachers in Tehran, Iran, Wednesday, May 9, 2018. Ayatollah Khamenei has challenged President Donald Trump over America pulling out of nuclear deal, saying: "You cannot do a damn thing!", a day after Trump announced he was renewing sanctions on Iran. (Office of the Iranian Supreme Leader via AP)

Иранның рухани көсемі Еуропаға ядролық шартқа қатысты ультиматум қойды. Аятолла Әли Хаменеи алты шартын атады. Олар рухани көсемнің сайтында жарияланды.

Хаменеи еуропалық банктердің Иранмен байланысын үзбегенін, Еуроодақ елдері Иранның мұнайы саудасына кепіл болуын талап етті. Бұған қоса Иран Еуроодақтан келіссөздерде Иран ядролық бағдарламасын сөз етпеуін талап етті. "Еуропалықтар біздің талаптарымызды орындамаса, Иран ядролық белсенділігін қайта бастайды", - деді Хаменеи.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Иранмен ядролық келісімнен шыққанын жариялады. Артынша-ақ Вашингтон Тегеранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Еуроодақ елдері, Ресей және Қытай Трамп шешімін сынға алып, келісім шарттарын сақтайтындарын мәлімдеді.

2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция және АҚШ бір жақ болып Иранмен ядролық келесімге отырды. Сол арқылы Тегераннан АҚШ пен Еуроодақтың экономикалық санкциялары алып тасталынды, ал Иран ядролық бағдарламасын тоқтатты.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1649
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1578
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1319
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1265