Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3028 1 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 09:15

Самарқанда Каримов бейнесі бар кәдесый сатушыларға айыппұл салынып жатыр

Самарқанда арнайы жүргізілген рейд барысында Өзбекстанның тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің бейнесі бар кәдесыйларды сататын кәсіпкерлер ұсталған.

Самарқан облысы мәдениет және спорт басқармасы қызметкерінің айтуынша, кәдейсый сататын он екі дүкеннің иелеріне айыппұл салынған. Ондағы Каримов бейнесі бар барлық заттар тәркіленген.

Самарқан блогері Ташпулат Рахматуллаевтың сөздерінше, Каримов суреттері жапсырылған кәдесыйлардың көбі сапасыз жасалынған.

«Күнтізбелерде Каримовтің сөздері қатемен жазылған. Мен біреуін суретке түсіріп үлгердім. Бір сөйлемде он екі қате бар. Онда «Қош бол менің халқым! Бізге 25 жыл бірге болу жазбаған екен!», - деп жазылған дейді блогер.

Самарқан журналисі Каримберди Турамурод қазір саудагерлердің көбі Ислам Каримовтің бейнесін табыс көзіне айналдырғанын айтады.

Қалада кәдесый сататын кәсіпкердің бірі осы бизнес арқылы отбасын асырап отырғанын мойындайды. «Осы кәсібімнің арқасында мен күнде үйге екі тандыр нанмен қайтамын. Отбасымды осылай асыраймын», – дейді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 292
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 141